қазақша · русский · english
   
  Main  News
27.09.2010

 

2010 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 10.00-де Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Садықов оқулары» атты халықаралық ғылыми-терориялық конференция болып өтті. Оның жұмысына Қазақстаннан, Ресейден, Украинадан, Қырғызстаннан және т.б. елдерден 100-ден астам адам қатысты.

Конференцияның басты мақсаттарының бірі – гуманитарлық ғылымдарының өзекті мәселелері қарастырылды, оның ішінде жоғары оқу орындары мен мектептерде  тарих пәнін оқытуда жаңа инновациялық  технологияны ендіру мәселесі және Қазақстан жоғары мектебінің қалыптасуы мен дамуындағы академик Т.С. Садықовтың рөлі мен қызметін ашып көрсетті. Конференцияға жоғары оқу орындарының оқытушылары, қоғамдық ұйымдардың  мүшелері, мектеп мұғалімдері, магистранттар мен студенттер қатысты. Жоспар бойынша 100-ден астам баяндамалар белгіленді.

«Садықов оқулары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияны ұйымдастырушы  – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. Бұл конференция екінші рет өткізілді және  дәстүрлі  түрде  ғалымдардың, педагогтардың, магистранттардың, студенттердің және ғылыми қызметкерлердің қызығушылығы арта түсті.