қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.10.2023

«Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығын дамыту» семинар-тренингі

 

2023 жылғы 12 қазанда Abai Honors College қосымша білім беру бағдарламасының студенттеріне «Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығын дамыту» тақырыбында  семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараның спикері Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы - ректоры Гүлмира Қанай болды. Спикер студенттерге заманауи педагог құзыреттілігін баяндап, өз тәжірибиесімен бөлісті. Студенттер арасында білім саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, оның шешу жолдарын талқылады. Түрлі жағдаяттық тапсырмалар беру арқылы студенттердің қызығушылығын арттырды. Семинар-тренингтің ұтымды тұсы: спикер белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін студенттерге рефлексия жасап, студенттер арасында тақырыпты қызу талқыға түсірді.

 

Кездесу интерактивті және танымдық тұрғыда сәтті өтті. Гүлмира Қанай айтқандай, «Көшбасшылық - бұл қозғалыс, бағыт және әрекет». Осындай керемет интерактив үшін спикерге алғысымыз шексіз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Тәрбие, әлеуметтік даму жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті