қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
03.11.2023

Сорбонна-Қазақстан институтының негізінде педагогикалық мамандықтарды оқыту қолға алынады

 

Сорбонна Қазақстан институтының негізінде педагогикалық мамандықтарды қос дипломды бағдарлама бойынша оқыту қолға алынады.

 

Бұл жайында бүгін Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде ашылған Қазақстан-Франция жоғары оқу орындарының VIII форумында айтылды. 2014 жылы ашылған Сорбонна Қазақстан институтында халықаралық қатынастар, халықаралық құқық, марекетинг мамандықтары бойынша екі елдің дипломын алуға мүмкіндік бар. Еуропалық үлгідегі диплом түлектердің әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болуына жол ашады - дейді мамандар. Форумда Қазақстан мен Франция арасында білім және ғылым саласында ынтымақтастықты одан әрі дамытуды көздейтін меморандумға қол қойылды.


Ақтолқын Құлсариева, Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры:

 

- Студенттерге шетелге шығып оқу және қосдипломды бағдарлама аясында оқуға мүмкіншілік беріп отыр. Нақты цифрларға келетін болсақ, 2014 жылдан бастап 150-ге жуық біздің студентіміз қос диплом алды. Яғни Абай атындағы қазақ педагогикалық университетінің және біздің серіктес француз жоғары оқу орындарының. Бұл біздің жастар үшін, студенттер үшін өте маңызды өмірлік қадам деп есептеймін.


03.11.2023 ж.

Ақпарат көзі: 24.kz