қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.11.2023

Кемел Тоқаевтың әдеби мұрасын зерттейміз


2023 жылдың 9 қарашасында Филология институтының «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасында «Жауынгер. Жазушы. Азамат» тақырыбында Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған тәрбиелік іс-шара өтті.

 

Іс-шара барысында 1 курс студенттері Кемел Тоқаевтың өмірінің негізгі кезеңдерімен, оның қазақстандық детектив жанрының дамуына қосқан үлесі мен өз өмірінде басшылыққа алған адамгершілік қағидаттарымен танысты. Қатысушылар майдангер жазушы туралы деректі фильмді қызығушылықпен тамашалады.

 

Студенттер «Ерекше тапсырма» повесінің үзіндісін сахналады, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке тұралы ой-толғау» («Әке туралы сөз») кітабынан әкесі туралы естеліктерін және Сырбай Мәуленовтың жазушыға арналған өлеңін оқыды. Студенттердің Құрманғазының әйгілі «Балбырауын» күйі мен әдемі қазақ ұлттық биін орындауы іс-шараға ерекше көңіл-күй сыйлады.

 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева студенттерге аға ұрпақтың ұлы мұрасын сақтаудың маңыздылығын, өз елінің патриоты болу және білім мен мәдениетті арттыру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажеттігін ерекше атап өтті.

 

Іс-шараға қатысқан Филология институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Арман Әбдіқалықов Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорының дарынды студент жастарды қолдау бойынша қызметі туралы айтып берді.

 

Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге эдвайзерлер Т.Т. Айтқазина, Х.С.Қасқабасова және С.К.Серікованың жетекшілігімен «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі» мамандығының 1 курс студенттері белсенді қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=