қазақша · русский · english
   
  Main  News
24.11.2017

 

ОЖСБ нәтижесі бойынша марапаттау рәсімі өтті

 

23 қараша күні Педагогика және психология институтында оқу жетістіктерін сырттай бақылау  бойынша үздік  нәтиже көрсеткен студенттер мен профессор-оқытушыларды марапаттау рәсімі болып өтті. Іс-шараның мақсаты ОЖСБ қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен студенттер мен профессор оқытушыларды марапаттау, өз мамандықтарына деген құрмет сезімдерін ояту болды.  Шараға университетіміздің бірінші проректоры Мактағали Бектемісов, Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Сәтмұрзаев, Тестілеу орталығының бастығы Даража Исабаевалар қатысып, ОСЖБ-ның маңыздылығы, сандық университет туралы өз ойларымен бөлісіп, үздік нәтижеге жеткен студенттер мен профессор-оқытушыларға өз лебіздерін білдірді.

 

Институт  2017 жылдың 08-13 қараша аралығында өткен оқу жетістігін сырттай бағалау кешенді тестілеуінде университет бойынша педагогикалық мамандықтар арасында бірінші орынға шықты. Институт құрамындағы 6 кафедраның ішінен профессор Әзия Жұмабаева басқаратын Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының «5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4-курс студенттері 121 балл жинап, институт бойынша I орынға шықты.

 

Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының құрамындағы «5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы» -109 балл, «5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы» - 96 балл, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы дайындаған «5В050300-Психология мамандығы» -106 балл, Арнайы білім беру кафедрасының құрамындағы  «5В010500-Дефектология мамандығы» - 101 балл, Педагогика және психология кафедрасына қарасты «5В010300-Педагогика және психология мамандығы» - 97 балл жинап, ОЖСБ қорытындысы бойынша өз мамандықтарындағы білім деңгейлерін абыроймен қорғап шықты.

 

Профессор-оқытушылар қауымы мен студенттер Құрмет грамоталарымен марапатталды.