қазақша · русский · english
   
  Main  News
16.01.2018

«Мемлекеттік сатып алуды өткізу ережесі» туралы семинар


2018 жылдың 12 қаңтары күні Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Кәсібилік және педагогикалық шеберлік» қысқы мектебі аясында «Мемлекеттік сатып алуды өткізу ережесі» туралы семинар өтті.

Семинардың мақсаты - қатысушыларды мемлекеттік сатып алу саласындағы ҚР заңнамасында енгізілген өзгертулермен таныстыру  және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жолдарын түсіндіру болатын.

Семинардың ашылуында экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректор Бауржан Құлжабаев семинардың маңыздылығына тоқталып, осындай біліктілікті арттыру барысында мамандар теориялық білімдерін ғана емес, сондай-ақ практикалық іскерліктерін шыңдайтындығын атап өтті. Қатысушылар алдында сарапшы, «ХҚЭДО - Қазақстан» ЖШС «ACTUALIS:  Мемлекеттік сатып алу»  электрондық жүйесінің бас редакторы  Ұлжан Маусариева дәріс оқыды.

Семинар барысында Университет қызметкерлері мемлекеттік сатып алу үрдісінің барлық қыр-сырын біліп, мемлекеттік сатып алу саласындағы ҚР заңнамасында енгізілген негізгі өзгертулермен және мемлекеттік сатып алу ережелерімен танысып,  құрылымдық бөлімшелер тарапынан мемлекеттік сатып алу Жоспарына өтінімдерді беру жолдары мен ресімдеу қағидаларын талқылады.

Аталмыш семинарға Университеттің құрылымдық бөлімдерінен 43 басшы қатысты. Қатысушылар семинарда қарастырылған мәселелерге қызығушылық танытып, қойылған сұрақтарға жауаптар алды.

 

       

       

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім