қазақша · русский · english
   
  Main  News
22.11.2010

Германияның Қазақстандағы жылына орай халықаралық студенттер апталағында Абай атындағы ҚазҰПУ мен ҚНУ-нің студенттерінің ұйымдастыруымен «ҚР мен ГФР арасындағы экономикалық қатынастар: әріптестік және оны дамыту» тақырыбында студенттік конференция болып өтті. Конференцияда әр университеттен бес студент экономикалық тақырыптарда баяндамалары оқылып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Конференцияға екі университеттің оқытушы құрамы мен студенттері, қоғамға белгілі жастар қонақ ретінде қатысып, соңында (бейресми) екі елдің ұлттық ас мәзірі негізінде фуршет жасалынып, достық қарым-қатынасымыздың көрінісі ретінде көрсетілді. ГФР мен Қазақстан арасындағы татулықты дәріптеу, екі елдің достығы саясат пен экономикалық қатынастарға негізделмей, сонымен қатар жастар үшін де маңыздылығын дәріптеу.

 Екі ел арасындағы экономикалық қатынастарды жастардың көз қарасымен талқылау. Қазақстан мен Германия арасындағы достастықты нығайтып, дамытуға үлес қосу, студенттердің саяси-экономикалық білімін тереңдету.

 

Бұл жастар тарапынан екі елдің қарым-қатынасы мен достығына қосқан кішкене болса да үлесі деп білеміз.



1290

Вернутся назад