қазақша · русский · english
   
  Main  News
30.11.2010

 

Өмірдің осынау асқаралы асуына толысқан азамат, танымал тұлға Раушанбек Әбсаттарұлының жарқын жолы бүгінгі әрбір жасқа өнеге болатыны сөзсіз. Еңбек жолын ауылда қарапайым еңбеккерліктен бастаған Раушанбек Әбсаттарұлы бүгін 70 жасқа толып отыр.

2010 жылдың 26 қараша күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде белгілі саясаттанушы ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттаров Раушанбек Борамбайұлының 70 жылдық мерейтойына арналған «Әлеуметтік-саяси ғылымдар: мәселелер мен ойлар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті. Раушанбек Әбсаттаров  тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси ғылымдарының  негізін салушы, этносаясаттанушы, этноәлеуметтанушы, қазақстандық ғылыми мектебінің және еліміздегі салыстырмалы саясаттанудың іргетасын қалаушы. Конференцияға Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор С.Ж.Пірәлиев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сейдуманов С.Т., Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары  Мұхамедов М.Б., Қазақ газеттері  ЖШС-нің бас директоры Кенжалин  Ж, Қазақстанның стратегиялық институтының директоры Сұлтанов Б.К, философия институтының директоры,  академик Әбдімәлік Нысанбаев және көршілес елден   Ресей Федерациясы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Свизовский  Д.Е,  Козменко В.Н, Түркия қаласының ЮНУС Эмре институтының директоры Адиян Текше қатысты. Конференцияда Қазақстандағы болып жатқан саяси әлеуметтік процестер жан-жақты  саяси талқыланды.