
Main
News
26.05.2025
Абай университетінің проректоры мен студенттері республикалық форумда марапатталды 2025 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен Семей қаласындағы Shakarim University-де «Абайдың «Толық адам» ілімі: ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарас» тақырыбында Республикалық жастар форумы өтті.
Форум аясында ерекше белсенділігімен көзге түскен қатысушыларға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Алғыс хаты табысталды.
Марапат иелерінің қатарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақауов, Жаратылыстану және география факультетінің белсенді студенті Мырза Аширов, сондай-ақ Филология факультетінің белсенді студенті, ерікті мобилограф Бағила Есжан бар.
Бұл марапат - университет өкілдерінің білім мен тәрбие саласындағы елеулі еңбегінің және азаматтық белсенділігінің жоғары бағалануының көрінісі.
Вернутся назад |
|
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Office: 8 (727) 390 60 05
Admissions Office/Call center: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Сitizen reception on personal matters
|