
Main
News
05.06.2025
«Тігін бұйымдарын әрлеу және безендіру» шеберлік сыныбы
2025 жылғы 4 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Өнер факультеті дизайн кафедрасының филиалы «Алматы сән және қызмет көрсету» колледжындағы TUMAR студиясында ҚР суретшілер одағының мүшесі, көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы - Радина Ясуева және дизайн кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Еркежан Омарова «Тігін бұйымдарын әрлеу және безендіру» атты шеберлік сыныбын өткізді.
Шеберлік сабақ барысында Радина Ясуева және Еркежан Омарова өз білімдерімен, кәсіби шеберлігімен бөлісті.
Шеберлік сыныпқа колледж студенттері мен оқытушылар құрамы қатысты. Сабақта студенттер жейдеге арнайы акрил бояуларын қолдану арқылы сурет салып көрді.
Шеберлік класс өте қызықты және кәсіби жоғары деңгейде өтті.
Вернутся назад |
|
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Office: 8 (727) 390 60 05
Admissions Office/Call center: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Сitizen reception on personal matters
|