қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
04.05.2018

Бішкекте Қазақстандық жоғары оқу орындарының көрмесі өтті

 

Бішкекте қазақстандық жоғары оқу орындарының көрмесі өтті. Еліміздегі 20-ға жуық университеттің өкілдері Қазақстанда білім алудың ерекшеліктері мен тиімділігін түсіндірді. Түлектер сапалы білім мен қатар озық білім беру технологиялары, құрлықтық деңгейдегі диплом алу және Еуропада қосымша білім алу мүмкіндіктеріне ие болады.

 

ЖАНСАЯ ЛАХБАЕВА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ:

 

- Біз абитуриенттерге бакалавриатура бойынша 52 мамандық, магистратура бойынша 53 мамандық және докторантура бойынша 30 мамандық ұсына аламыз. Бізде кампус қалашығы мен қосымша жатақхана да бар.

 

Қазақстандық жоғары оқу орындарының заманауи материалдық базасы мен халықаралық институтаралық байланыстары таңдаған мамандықты меңгеріп қана қоймай, ғылым жолын таңдағандарға мүмкіндіктер ашады.

 

ЗУЛЬФИЯ ТӨРЕБЕКОВА, ҚР БҒМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

- Біз осы өтіп жатқан көрме арқылы Қазақстандағы шетелдік студенттер қатарын көбейткіміз келеді. Бүгінде бізде 14 мыңға жуық өзге елдің жастары білім алып жатыр. Жақын арада біз шетелдік студенттер көрсеткішін 50 мыңға жеткізгіміз келеді. Бұл біздің ЖОО арасындағы бәсекелестікті күшейтіп, қандай бағдарламаларды қолға алу керектігін саралауға мүмкіндік береді.

 

Сонымен қатар қазақстандық бірқатар жоғары оқу орындары өз түлектерін жұмыспен қамту бағдарламасын қабылдаған.

 

04.05.2018 ж.

Ақпарат көзі: kazakh-tv.kz