қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
24.05.2018

Педагогикалық білім туралы әңгімеледі

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагоги­калық университетінің 90 жылдық мерей­тойы аясында «Бәсе­кеге қабілетті жоғары педаго­гикалық білім беруді қалыптас­тырудың әдіснамасы мен тәжіри­бесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

 

Конференция бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім беруді қалыптастыру бойынша өзекті мәселелерді талқылау, ғылыми жетістіктер, тұжырым­дар және көзқарастармен кеңінен алмасу мақсатында өткізілді.

 

Конференцияны ашқан ректор Такир Балықбаев: «Болашақ мұғалімдердің бәсекеге қабілеттілігі, заман талабына сай жаңа өзгерістерге дайындығы және кәсіби деңгейінің өсуі жоғары педагогикалық білімнің бәсекеге қабілеттілігімен анық­талады» деп атап өтті.

 

Конференция жұмысына ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құл­сариева, Педагогика және психология институтының директоры Берік Әл­мұхамбетов, педагогика кафедрасының меңгерушісі Қорлан Жампейісова, Омбы мемлекеттік педагогикалық универси­тетінің инновациялық және инклюзивті білім беру институтының директоры Надежда Чекалева, академик, Қазақстан­ның педагогикалық ғылымдар академия­сының президенті, Асқарбек Құсайынов, профессор, «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру Ұлттық орталығының» АҚ ДК төрайымы Гүл Нұрғалиева, Омбы мемлекеттік педагогикалық университе­тінің педагогика кафедрасының профес­соры Юлия Дроботенко, профессор, ҚР ҰҒА академигі Күләш Құнантаева, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Жәмила Намазбаева, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылары және басқа да қазақстандық, шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері, ғалымдары қатысты.

 

Конференцияның төрт бөлімінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары мен стратегиялық құжаттары аясында бәсекеге қабілетті жоғары педа­гогикалық білім берудің жаңа парадиг­масын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім беруді ғы­лыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз­дандыру мәселелері талқыланды.

 

Авторы: Рая Ескендір

24.05.2018 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz