қазақша · русский · english
   
  Main  News
25.06.2018

Диплом тапсыру салтанаты

 

2018 жылдың 21 маусымы күні «Спартак» стадионында жас түлектерге диплом тасыру салтанатты кеші өтті.

 

Биыл 90 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін биыл 1264 бакалавр, 640 магистр және 38 PhD докторы, барлығы 1942 түлек бітірді. 207 бакалавр оқу орнын үздік дипломмен аяқтады.

 

Салтанатты кеште Университет ректоры Такир Балықбаев білім ордасының бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті сапалы мамандар даярлауда қол жеткізген табыстарына тоқтала келіп, жас түлектерге сәт сапар тіледі. Сондай-ақ, түлектерімізге диплом табыстау кешінде Алматы қалалық мәслихатының депутаты, университет Байқау кеңесінің мүшесі Кенжехан Матыжанов, Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев жас түлектерді оқу бітіруімен құттықтады.

 

Ректор Такир Балықбаев оқу орнын үздік бітірген түлектерге, әр институттың директорлары өз бітірушілеріне дипломдар тапсырды.

 

         

 

         

 

         

 

         

 

         

 

         

 

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім