қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
22.06.2022

Магистратураға қабылдау ережелері 

 

Магистратураға, оның ішінде университетке мақсатты даярлық бойынша тұлғаларды қабылдау кешенді тестілеу (бұдан әрі - КТ) немесе түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Магистратура мен докторантураға түсушілердің өтініштерін қабылдау жылына 2 рет Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі (app.testcenter.kz) арқылы келесі мерзімде жүргізіледі:

 

Магистратураға құжаттар қабылдау:
1) күнтізбелік жылдың 1 маусымынан 15 шілдесіне дейін;
2) күнтізбелік жылдың 1-15 қарашасы аралығында жүзеге асырылады.

Кешенді тестілеу (КТ) келесі мерзімдерде жүргізіледі:
1) күнтізбелік жылдың 20 шілдесінен 10 тамызына дейін;
2) күнтізбелік жылдың 18 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін.

- 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.
- 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілген КТ сертификаты келесі жылдың 1 наурызына дейін жарамды.

Магистратураға түсушілер үшін шығармашылық емтихан төмендегі мерзімде өткізіледі:
1) күнтізбелік жылдың 16-25 шілдесі аралығында;
2) күнтізбелік жылдың 13-15 желтоқсаны аралығында жүзеге асырылады.

Магистратураға қабылдау төмендегі мерзімдерде жүргізіледі:
1) күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызына дейін;
2) 26 желтоқсаннан келесі жылдың 10 қаңтарына дейін.
Жазғы қабылдау кезеңінде нәтижелері жойылған адамдар күнтізбелік жылдың 18 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін өткізілетін КТ-ға жіберілмейді.


Магистратураға түсу үшін білім гранттарын тағайындау конкурсы өткізілетін болады:
1) күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін;
2) күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейін.

 Магистратура бойынша толық ақпарат: https://abiturient.abaiuniversity.edu.kz/kaz/