қазақша · русский · english
   
  Main  News
27.09.2018

«Садықов оқулары-V: Қазіргі таңдағы білім беру мен ғылымның өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

 

2018 жылғы 26 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқу орнын 1987-2008 жылдары басқарған белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, академик Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықовтың 80 жылдығына арналған «Садықов оқулары-V: Қазіргі таңдағы білім беру мен ғылымның өзекті мәселелері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

 

Садықов оқулары дәстүрлі түрде әртүрлі шет елдер мен университеттер өкілдерінің қатысуымен жыл сайын өтіп келеді. Биылғы жылы қатысушылардың құрамы ерекше болды. Конференцияға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сейдуманов, Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасының Еуропа Кеңесіндегі Венециандық Комиссияның мүшесі Игорь Рогов, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, сонымен қатар қазақстандық ғалымдар мен Ұлыбритания, Литва, Жапония, Польшадан келген танымал шетелдік ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, Тоқмұхамед Сәлменұлының туыстары, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттары қатысты.

 

Конференцияны ашқан ректор Такир Балықбаев: «Біз бүгін Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны - Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына арналған мерекелік онкүндікті «Садықов оқулары» халықаралық конференциясымен бастаймыз. Біздің университетіміздің мерейтойы көрнекті ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, ректор - Тоқмұхамед Салменұлы Садықовтың 80 жылдығына тұспа-тұс келуімен ерекшеленеді».


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтан, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тәжиннен, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетовтен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Айтімовадан түскен құттықтауларды оқып берді.

 

Конференцияның секциялық мәжілістеріне қатысушылар Т. Садықовтың ғылыми және қоғамдық мүдделердің кең ауқымын қамтитын еңбектеріне шолу жасады. Сонымен қатар білім беру, педагогика және психология, жастар саясаты мәселелерімен қатар тарихи білім беру және қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері бойынша баяндамалар талқыланды.


Конференцияға қатысушылар сондай-ақ әлемдік экономика мен халықаралық-құқықтық қатынастар, Қазақстанды сандық жаңғырту мәселелері туралы баяндамалар жасады.

 

Конференция бағдарламасы бойынша Т.Садықовтың ескерткішіне салтанатты гүл шоғын қою рәсімі өткізіліп, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Т.Садықовтың және академик Н.Келімбетовтың кабинеттерінің таныстырылымы, оқулықтары мен университет студенттерінің қолөнер жұмыстарының көрмесі ұсынылды.

 

Құттықтау сөздер, баяндамалар

Балықбаев Такир Оспанұлы - Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Нығматуллин Нұрлан Зайроллаұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, саяси ғылымдарының докторы             

 

Құттықтау адрестері

Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары

Есімов Ахметжан Смағұлұлы - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы

Бижанов Ахан Хусаинович - Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі, «Философия, саясаттану және дінтану институты» РМК директоры               

Шаукенова Зарема Каукеновна - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім