қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
02.10.2018

ҚазҰПУ мерейтойына орай «Өнегелі өмір» кітаптар сериясы жарық көрді

 


 

Қазақстанның іргелі жоғары оқу орны - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 90 жылдығын тойлауда. Осы айтулы датаға орай бірнеше кітап сериясы жарық көрді.

 

Білім ордасын басқарған, ағарту ісіне елеулі үлес қосқан ұстаздар мен олардан білім алған тәлімгерлер туралы басылымдар өңірлердегі мектептерге де жіберілмек.

 

«90 жылдыққа байланысты біз осы университетке еңбегі сіңген, белгілі қайраткерлер, ғалымдар, университеттің түлектері туралы бірнеше арнайы кітаптар шығарып, содан кейін университеттің тарихына, бүгінгі өміріне байланысты кітаптар шығаруды жоспарлаған болатынбыз. Бұл жерде атап кетер болсақ, университеттің құрылуына ерекше еңбегі сіңген, сол кезде халық комиссары болған Ораз Жандосовқа, университеттің бірінші ректоры болған Санжар Асфендияровқа, ректорлар: Халел Әділгереев пен Мәлік Ғабдуллинге, Халел Досмұзамедовке арналған «Өнегелі өмір» сериясынан 5 кітап дайындап, тұсаукесерін өткізді», - деді Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балыкбаев.

 

02.10.2018 ж.

Ақпарат көзі: almaty.tv