қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
11.01.2023

Оқытушылар мен қызметкерлердің ректор грантына арналған ғылыми жобалар конкурсы туралы хабарландыру


«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 95 жылдығына арналған ректор грантына оқытушылар мен қызметкерлердің ғылыми жобаларының конкурсын өткізу туралы хабарлайды. Қатысу үшін үміткерлер конкурс туралы Ережеге сәйкес өтінім береді.

 

Конкурстық өтінімдерді қабылдаудың басталу күні - 12.01.2023 ж., өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні - 23.01.2023 ж.


Өтінімдер келесі мекенжай бойынша қабылданады: Қазыбек би көшесі, 30, 203а кабинет.


Тел.: 8/727/ 291-27-10

 

Қатысушыларға қойылатын талаптарды және өтінімді ресімдеуді қамтитын конкурс туралы Ереже қоса беріледі.