қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
04.12.2023

Бос лауазымға үміткерлерді іріктеуге өтінім

 

Бос лауазымның атауы:

Стратегия департаменті Даму стратегиясын сүйемелдеу бөлімінің жетекші эксперті

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

- Университеттің Даму бағдарламасын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын әзірлеу үдерісін ұйымдастыру;

- Университеттің Даму бағдарламасының және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарының орындалуына бақылау және талдау жүргізу;

- Университеттің Даму бағдарламасын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын іске асыру бойынша қорытынды және аралық есептерді дайындау;

- Университеттің әлемдік университет рейтингтеріне (институционалдық, пәндік, тұрақты даму және т.б.) қатысу және ілгерілету бойынша жұмысты үйлестіру.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

- Университеттің Даму бағдарламасын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын әзірлеу процесін ұйымдастыруға қатысу;

- Университеттің Даму бағдарламасының және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарының орындалуына мониторинг және талдау жүргізуге қатысу;

- Университеттің Даму бағдарламасын және оны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жоспарын орындау бойынша қорытынды және аралық есептерді дайындауға қатысу;

- Стратегиялық мақсаттарды әзірлеу және стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жету жолдарын әзірлеу бойынша стратегиялық сессияларды, іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

- Университеттің Даму бағдарламасын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары бойынша құрылымдық бөлімшелерді ақпаратпен қамтамасыз етуге қатысу;

- Халықаралық рейтингтер деректер базасына (QS, THE және т.б.) ақпаратты енгізу үшін деректерді жинауға қатысу.

Іссапарларға шығуы:

Қажеттілік бар

Білімі:

Магистр деңгейі

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, басқа)

3 (үш) жылдан кем емес

Кәсіби құзыреттілігі:

- Құжаттамамен жұмыс істей білу;

-  Мәтіндік және статистикалық ақпаратты өңдеу, талдау және қорытынды жасау;

-  Командада жұмыс істей білу;

-  Өз ойын ауызша және жазбаша анық және жазбаша жеткізе білу;

-  Құжаттарды басқа тілдерге аудару мүмкіндігі.

Тұлғалық құзыреттілігі және қасиеттері:

Байланысқа бейімділік, икемділік, жауапкершілік, адалдық, мақсаттылық, ұқыптылық, бейімділік, тайм-менеджмент, ұйымдастыру дағдылары, таныстыру дағдылары, дамыған эмоционалды интеллект, сабырлылық.

Тілдерді білуі, мемлекеттік тілді қоса алғанда (үміткердің меңгеруі тиіс тілдер тізімі)

Қазақ тілі - еркін

Орыс тілі - еркін

Ағылшын тілі - еркін

Компьютерлік дағдылары:

MS Office (Word, Excel, PowerPoint), Google Drive/Docs/Meet, ZOOM, Prezi, Canva, Social Media бағдарламаларын жақсы меңгеру, құжат айналымымен жұмыс істей білу.

Қажетті қызметкерлер саны:

1 (бір)

 (декреттік демалыс кезіндегі бос лауазым)

Түйіндемені жіберу мерзімі:

 2023 жылдың 12 желтоқсанына дейін

Байланысушы тұлға:

 zh.bassen@abaiuniversity.edu.kz

 Бәсен Жігер Төлеуұлы

 +7 777 126 11 66