![]()
04.02.2019
ҚазҰПУ сайты Webometrics-2019 рейтингісінің үздік төрттігіне енді!
2018 жылдың қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Laboratorio de Internet (Edition 2019.1.0) зерттеу зертханасының веб-сайтында жарияланған «Webometrics Ranking of World Universities» (Әлемдік университеттердің веб-сайттар рейтингісі) жаңа рейтингісінің қорытындысы бойынша университет үздік сайттар төрттігіне кіріп, 122 қазақстандық ЖОО арасында 4-ші (!) орынды, әлем бойынша 5181-ші орынды иеленді. Аталмыш рейтинг нәтижесі бойынша Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында Абай атындағы ҚазҰПУ сайты 1-ші орынды иеленді!
ҚазҰПУ-дың ресми сайты 2018 жылдың қаңтарында «Webometrics (Ranking Web of Universities)» веб-сайттар рейтингісінде әлем бойынша 8686-шы, Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында 15-ші орынға ие болған.
ЖОО-ның рейтингтегі орны оқу орнының білім беру және ғылыми жетістіктерін көрсететін университеттің веб-сайтының сапасына қарай бағаланады.
Webometrics рейтингісі университет жариялайтын веб-беттердiң көлемімен, (көрнекiлiк) және әсерімен (тиiмдiлiк) өлшенедi, университеттегі ғаламтор желісіндегі ғылыми жарияланымдар, әр ЖОО ғалымдарының зерттеу еңбектері, оларға жасалған сілтеме ескеріліп, басты нысанаға ЖОО-ның ғылыми-зерттеу әлеуеті алынады.
Ақпарат көзі: http://www.webometrics.info/en/Asia/Kazakstan
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім ![]() Вернутся назад |
Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|