қазақша · русский · english
   
  Main  News
07.02.2019

«Ұлт болашағы-жастардың қолында» танымдық кеші

 

  


2019 жылдың 5 ақпанында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының проректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «МузАрт» ансамблінің мүшесі, белгілі әнші Сәкен Майғазиевпен «Ұлт болашағы - жастардың қолында» тақырыбында университет жастарымен танымдық кеш өткізілді.


Шараны тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев ашып, кеш қонағына сөз берді. Сәкен Майғазиев университет жастарымен пікір алмасып, өзі білген, түйгендерімен, өмірден алған сабақтарымен, өмір және өнер жолындағы қызықты оқиғаларға толы әсерлі әңгімелерімен бөлісіп, еліміздің ұлт тәрбиешілері, ұстаз, болашақ ана, болашақ жар болатын ару қыздарға ағалық ақыл-кеңестерін айтты. Өз кезегінде, жастар эстрада жұлдызына түрлі сұрақтар қойып, тұшымды жауаптарын алды.


Алматы қалалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Марат Жақсыбек барша қатысушыларды Жастар жылымен құттықтап, үкімет тарапынан арнай шаралар жоспары әзірленіп жатқанын тілге тиек етті.


Кеш соңында университетіміздің өнерпаз студенттері Тәжмина Даниярқызы мен Олеся Хоменко әуезді әндерін тарту етіп, кеш қонақтарына сый-сыйапат көрсетілді.


Сәкен Майғазиев университет ректоры Такир Балықбаевтың арнайы қабылдауында болды. Одан әрі шара білім ордалары арасында ынтымақтастықты нығайту бойынша Меморандумға қол қою рәсіміне ұласты.


Осылайша, Алматы қалалық «Жас Отан» жастар қанаты және университетіміздің Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастырумен өткен танымдық кеш, барша қатысушылардың көңілінен шығып, жастарға серпіліс берді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Жастар ісі жөніндегі комитет