қазақша · русский · english
   
  Main  News
01.02.2011

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті 2011 жылдың 11 наурызында педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.Р. Рахметованың 80 жылдығына арналған «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориялық негіздері мен тәжірибесі» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты - бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың әдістемелік жүйесі бойынша ЖОО-ның жетекші мамандары мен мектеп мұғалімдерінің тәжірибе алмасуы негізінде пәнді оқыту сапасын арттыру жолдарын көрсету.

Конференцияда келесі секциялардың жұмыстары жоспарлануда:

1) Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориялық мәселелері.

2) Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері.

3) Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану тәжірибесі.

Конференция жұмысына қатысуға ЖОО-ның оқытушылары, ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінің қызметкерлері, ізденушілер, магистранттар және студенттер шақырылады.

Материалдар қазақ, орыс тілдерінде қабылданады. Конференция материалдарының жинағы конференцияның басталуына дейін баспадан шығарылады деп жоспарлануда.

Мақаламен (баяндамамен) бірге әр автор тіркеу қағазын толтырып, тапсырады.

Тіркеу қағазында мыналар көрсетіледі:

1) толығымен аты-жөні;

2) ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы;

3) баяндама тақырыбы;

4) секция атауы;

5) жұмыс орны - мекеменің толық атауы;

6) қызметі, байланыс телефондары, қолы.

Баяндама көлемі 5 беттен кем болмауы керек, баяндама мәтіні электронды және баспа түрінде тапсырылуы тиіс. Беттің жоғарғы және төменгі жағынан 2 см., сол жағынан 3 см., оң жағы 2 см қалдырылады. Азат жолдағы бос жер 1,25 см.; ені бойынша түзеу, беттің формасы А4. Жазу шрифті KZ Times New Roman, Times New Roman, кегль 14, жоларалық ашықтық 1 пт.

Материал келесі тәртіппен орналасу керек: автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі, бір интервалдан кейін мекеменің аты, қаласы көрсетіледі. Бір интервалдан кейін - ортада бас әріптермен баяндаманың тақырыбы, 2 интервалдан кейін негізгі мәтіні басылады. Мәтіннің соңында 1 интервалдан кейін пайдаланылған әдебиеттер тізімі (алфавиттік жүйеде) беріледі. Библиография толық берілуі қажет (фамилия, аты-жөні, атауы, баспа атауы, бет саны). Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада [1:23-25] ресімделеді. Қазақ тіліндегі мақалаға орыс және ағылшын тілдерінде түйін беріледі. Файлдық құжаттың атауы автордың фамилиясымен аталуы қажет.

Тіркеу қағазы мен мақала ұйымдастыру алқасына 2011 жылдың 1 наурызына дейін тапсырылу қажет.

Электронды почтамен мына электронды мекен-жайға жіберуге болады: gulzhanat_2010@ mail.ru немесе мына мекен-жайы бойынша жіберу қажет: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 56 Б, Психология-педагогика факультеті, Мальчибаева Гүлжанат, 8-777-3238682.

Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған немесе талапқа сәйкес ресімделмеген материалдар қаралмайды және қайтарылмайды.

Жол жүру, тұрақтану және тамақтанудың барлық шығыны іссапарға жіберуші мекеме есебінен болады. Мақаланың жинаққа шығу төлемі 3000 теңге көлемінде ақшалай төленеді немесе есеп шотқа аударылады.


Ұйымдастыру комитеті




1243

Вернутся назад