қазақша · русский · english
   
  Main  News
07.04.2015

Жас ғалымдар бас қосты

 

Үстіміздегі жылдың 7 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология институтында, Шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған «Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде» тақырыбында Жас ғалымдардың VII халықаралық ғылыми конференциясы болып өтті. Конференцияға саналы ғұмырын ғылым жолына арнаған университеттің бір топ ғалымдары, атап айтар болсақ, педагогика ғылымдарының докторы Хан Наталья Николаевна, кафедраның профессоры Ф.В. Брулева, профессор А.Н. Нұрлыбаев, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор С.Ж. Әбішова, И.В.Панфилов атындағы Ресей -Қазақстан мектебінің мұғалімі Н.П.Алданова, сонымен қатар университетіміздің докторанттары мен еліміздің түпкір-түпкірінен ғылымға деген ықыласы зор жастар қатысты. Пленарлық мәжілісті Шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бегалиева Сәуле Баязқызы жүргізіп отырды. Сәуле Баязқызы конференцияның мақсаты жас ғалымдарды шыңдау екеніне тоқтала келіп, еліміздің түрлі қалаларынан, Оңтүстік Қазақстан облысынан, Орал қаласынан Ақтөбе қаласынан және Алматы қаласының көптеген ЖОО-нан келіп отырған студент жастарды таныстырып өтті. Конференцияда сөз алған профессор Хан Наталья Николаевна мен профессор Аманжол Нұрлыбаев баяндама жасады. Баяндамада қазіргі ғылымның жетістігіне тоқталып, көптеген шешімін таппаған мәселелерді де сөз етті. Мәжіліске жиналған студенттер өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарды қойып, пікір алмасты. Шымкент қаласының «Мирас» университетінің 3 курс студенті Ахметова Р., Абай атындағы ҚазҰПУ-дың докторанты Оралбекова А.Қ және басқа да студенттер баяандама жасады. Баяандама соңында профессор Бегалиева Сәуле Баязқызы келген қонақтарға алғысын білдірді. Конференция әрі қарай секциялар бойынша жұмысын жалғастырды.