қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
20.02.2019

Алматыда Оразалы Досбосынов атындағы жас Ақындар орталығы ашылды

 



Оған белгілі ақын-жазушылар мен айтыскер ақындар келді. «Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіндегі Жастар жылы аясында қолға алынған жоба төл өнерімізді жаңғыртып, айтыс өнерін жастар арасында кеңінен насихаттауға бағытталған», - дейді ұйымдастырушылар.

 

Сонымен қатар, жас ақындардың суырып салмалық қабілеттерін шыңдау үшін елдің 30-ға жуық жоғары оқу орнынан 50-ден аса айтыскер аламан додаға түспек. Ал, алдыңғы буын ағалар осындай алаңдарда шеберлігін шыңдай түсетін жас ақындардан үлкен үміт күтетіндігін жеткізді.

 

Жүрсін Ерман, ақын, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілері халықаралық одағының төрағасы:

 

- Бұл айтыстың жасарып келе жатқанының көрсеткіші сияқты. Айтысқа қосылатын жас қайраткерлерді сынаудың алаңы.

 

 

Авторы: Нұрлан Асқарұлы

20.02.2019 ж.

Ақпарат көзі: kaztrk.kz