қазақша · русский · english
   
  Main  News
03.10.2019

ҚазҰПУ-да Ұстаздар күні аталып өтті

 

2019 жылдың 2 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институтында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаздық еткен жалықпас...» тақырыбында салтанатты жиын өтті.

 

Іс-шараға ректор Такир Балықбаев, проректорлар, құрылымдық бөлім басшылары, университеттің профессор- оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

 

Такир Балықбаев барлық ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол институттардың жетістіктерін, 2018/2019 оқу жылындағы рейтингтік көрсеткіштерін атап өтіп, ұжымға жаңа табыстар тіледі.

 

Іс-шара барысында институт директорлары, кафедра меңгерушілері, үздік оқытушылар мен университеттің оқу, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысына белсене қатысқан қызметкерлері марапаттады. Оларға Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

 

Сонымен қатар, мереке аясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, әнші Сұлушаш Нұрмағанбетованың, Өнер, мәдениет және спорт институтының оқытушысы Ләззат Бірімғазинаның («Анажаным - Анашым» әні), «Дара» би тобының және университетіміздің дарынды студенттерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 

Іс-шара соңында кофе-брейк ұйымдастырылды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім