қазақша · русский · english
   
  Main  News
06.11.2019

«Экоклуб - біздің өмірімізде» - сертификаттар табыс ету

 

2019 жылдың 5 қарашасы күні, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің қолдауымен, Алматы каласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу баскармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Мейірім» еріктілер клубы және «PosadiDerevo.kz» Pеспубликалық Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Экологиялық клубтар» жобасы аясында «Экоклуб - біздің өмірімізде» тақырыбында іс-шара өткізілді.

 

Іс-шараның мақсаты - «Экологиялық клубтар» жобасына сәйкес «Су ресурстары», «Қоқыстарды кәделеу», «Биоәртүрлілік» тақырыптарында дайындықтан өткен студент-еріктілерге сертификаттар табыс ету.

 

Барлық супервайзерлер (қыркүйек-қазан) екі ай көлемінде, апта сайын Педагогика және психология, Жаратылыстану және география, Филология және көптілді білім беру институттарының ерікті-студенттері үшін практикалық дағдылар мен білімдерін көтеру бойынша экологиялық шебер-сыныптар өткізді.

 

Іс-шараны аша отырып, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері Назия Аухинова және «PosadiDerevo.kz» РҚБ жетекшісі Даурен Жолдасбаев жобаның маңызына тоқталды.

 

Абай атындағы ҚазҰПҰ-дың өкілдері - ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева, Педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмүхамбетов, шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің (Foundation) деканы Ғалия Таубаева, «Мейірім» клубының жетекшісі Гүлбахира Шырынбаева сөз сөйледі. Олар Жастар жылында жүзеге асырылған экологиялық жобаның «мектеп-ЖОО» ынтымақтастық жүйесінде әлеуметтік-педагогикалық іс-тәжірибе алуда студенттерге үлкен мүмкіндік беретін әлеуметтік мәнін атап өтті.

 

Студенттер жреби бойынша алдағы уақытта жұмыс істейтін мектептерін таңдады. Әрбір жаңа ерікті студент сертификатпен бірге қажетті тақырыптық материалдарымен камтылған эко-сумка алды. Сертификат иелері 06.11.2019 мен 06.05.2020 ж.ж. аралығында Алматы қаласының 200 мектебінде экоклубтар құрады және экология бойынша тәжірибелік сабақтар жүргізіп, педагогикалық практикадан өтеді.

 

Іс-шара «Мейірім» клубының шығармашылық тобының би өнерлерімен және Алматы қаласы эко-клубтарының ерікті-студенттерінің құттықтауларымен аяқталды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Мейірім» еріктілер клубы