қазақша · русский · english
 
 
 

 

2023-2024 оқу жылында Математика, физика және информатика факультетінің төрт кафедрасында ҚР ҰҒА 1 академигі, 1 ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 17 ғылым докторы мен 40 ғылым кандидаты, 23 PhD докторы қызмет етеді.

 

Факультеттің ғылыми-педагогикалық қызметі математика, физика және информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесіне шешуге бағытталған, сонымен қатар жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру жүйесіне енгізуге байланысты. Цифрлық университетті құру үшін факультет теориялық және практикалық тәсілдерін белсенді түрде дамытады. Факультеттің зерттеу басымдықтарының бірі – STEM білім беру.

 

Факультет базасында педагогикалық STEM-парк жұмыс істейді, оның мақсаты робототехника және мехатроника бойынша инновациялық технологияларды Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне енгізу болып табылады.

 

Bilim Media Group ұйымымен бірлесіп BilimLab білім беру ресурстар орталығы ашылып, орталықта Bilimland платформасында онлайн, оффлайн түрінде жұмыс жасау мүмкіндігі бар.

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті және Қазақстан Республикасының басқа да ұйымдары қаржыландыратын бағдарламалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайтын профессор-оқытушылар құрамының саны 33 адамды құрайды, оның ішінде Абай атындағы ҚазҰПУ грант иегері болып табылатын жобаларда – 26, Абай атындағы ҚазҰПУ қаржыландыратын (ішкі жобалар) – 7.

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023 жылға арналған қаржыландыру сомасы шамамен 190 млн теңгені, ішкі жобалар бойынша - 7 000 000 теңгені құрайды.

 

Факультетте философия докторы (PhD) профиль бойынша, доктор дәрежесін беру үшін, 4 Диссертациялық кеңес жұмыс істейді:

1.   «8D01501 – Математика» (Білім беру), «8D01504 – Физика» (Білім беру), Кеңес төрағасы – п.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі А.Е. Әбілқасымова.

2.   «8D01507 – Информатика» (Білім беру), «8D06101 – Информатика», Кеңес төрағасы – п.ғ.д., профессор Е.Ы. Бидайбеков.

3.   «8D05302 – Физика», Кеңес төрағасы – ф.-м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі В.Н. Косов.

4.   «8D05401 Математика», Кеңес төрағасы ф-м.ғ.д., профессор А. С. Бердышев.

 

Факультетте ғылыми-әдістемелік семинарлар жұмыс істейді:

1. «Білім беруді ақпараттандыру және оқыту мәселелері», жетекшесі – п.ғ.д., профессор Е.Ы. Бидайбеков.

2. «Мектепте және университетте физика-математикалық пәндерді оқытудың дидактикалық және әдістемелік негіздері»,жетекшесі – ҚР ҰҒА, п.ғ.д., профессор А.Е. Әбілқасымова.

3. «Математикалық және компьютерлік модельдеудің дифференциалдық теңдеулерінің қазіргі мәселелері», «Математикалық физиканың дифференциалдық теңдеулері және олардың қолданылуы», жетекшесі – ф.-м.ғ.д., профессор А.С. Бердышев.

4. «Физика» физика кафедрасының семинары, жетекшесі – ф.-м.ғ.д., профессор В.Н. Косов.

 

Сондай-ақ факультет қызметіне қатысты білім беру саласының проблемалары бойынша ғылыми-әдістемелік семинарлар үнемі өткізіліп тұрады.

 

Жыл сайын студенттер мен магистранттарға арналған ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылып, олардың нәтижелері бойынша зерттеу жұмыстары туралы есеп беруге мүмкіндіктер қарастырылған. Студенттер мен магистранттар түрлі олимпиадаларға, конкурстарға, спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Сонымен қатар, Факультеттің ғылыми және қоғамдық жұмыстарына ғана емес, қала мен елдің өміріне де белсенді қатысады.

 

Математика, физика және информатика институтының марапаттары мен жетістіктері