About us | Главная /
Аяпова Таңат Таңірбердіқызы
Аяпова Таңат Таңірбердіқызы
ҚЫСҚА ӨМІРБАЯН Аяпова Таңат Тәңірбердіқызы - филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, Педагогикалық Білім беру Халықаралық Ғылым Академиясының академигі. Америка Құрама Штаттары, Аризона университетінің құрметті профессоры, Тусон қаласының құрметті азаматы. Аяпова Т.Т. - 3 монографияның, 300-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларына ағылшын тілінде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу және жасау бойынша авторлар топтарының жұмысын басқарды. Ол 18 жыл бойы ағылшын тіліндегі 64 отандық алғашқы оқулықтардың топ жетекшісі және бірлескен авторы болды. 5-9 сынып оқушыларына арналған мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары мен ағылшын тілі пәнінің оқу бағдарламаларының авторы. Сондай-ақ, 2019 жылдан осы уақытқа дейін оқытылып жатқан Шетел тілі: Екі шет тілі, 6В01703 - Бакалавриат, 7М01703 Магистратура мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларының авторы. 2018 - 2020 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландырудың «Қазақстан Республикасы жоғары білім беру ұйымдарының көптілді білім беру жүйесіне инновациялық орталық құру арқылы пәндік кіріктірілген білім беруді енгізу үдерісін жаңғырту және CLIL оқытушыларын даярлау және қайта даярлау» ғылыми жобасын басқарады. «Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Президенті Абай атындағы ҚазҰПУ шет тілі мамандарына арналған «Бірінші тілдік тұлғаны қалыптастыру» ғылыми мектебінің жетекшісі және авторы. 2019 жылдан бастап «Ғылым. Әйел. Қоғам» журналының бас редакторы. Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ шетел филологиясы бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер төрағасының орынбасары болды. Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Лингвистика» мамандығы бойынша диссертациялық кеңестер төрағасының орынбасары.
БІЛІМ БЕРУ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕР (дайындық деңгейі бойынша) Бакалавриат: Тіл тарихы (2,3 курс) Магистратура: Социолингвистика, Основы теории речевой деятельности Оқу жылында атқарылатын басқа да міндеттер:1) Магистерлік диссертацияға жетекшілік 2) Докторлық диссертацияға жетекшілік 3) Педагогикалық тәжірибе
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ 1. Монография: «Сөйлеу онтогенезі» (Онтогенез речи) 2007, «Сөйлеу өнтогенезі: бірінші тілдік тұлғаның қалыптасу негіздері, 2021 2. Оқулық: Қазақстан Республикасы мектептеріне арналған ағылшын тілі оқулықтары (5-7, 9 -11 сыныптар) «Мектеп» баспасы 3. «Ағылшын тілі» пәнінің негізгі орта мектепке арналған 5-9 сыныптар оқу бағдарламасы Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА ҚР ББМ, Астана 2010 4. «Ағылшын тілі» (гуманитарлық бағыт, жаратылыстану-математикалық бағыт) пәнінің негізгі орта мектепке арналған 10-11 сыныптар оқу бағдарламасы Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА ҚР ББМ, Астана 2010 5. «Құзыретті ұлт қалыптастыру (2012)» жоба аясында PhD доктор, магистр, бакалавр дайындауға арналған 6(D)011900, 6(М)011900, 5(В)011900- шетел тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы 6. 300-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы. 7. 2021 жылдың қазанында «Мектеп» баспасынан Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған «Ағылшын тілі тарихы» пәнінің тұңғыш оқулығы - «A History of English Language» басылып шықты. 8. Аяпова Т.Т. жетекшілігімен бакалаврларға «Ағылшын тілінің тарихы», «Сөйлеу әрекетінің теориясы» және «Социолингвистика» курстары ағылшын тілінде 1 курс магистранттары үшін әзірленді. 9. Аяпова Т.Т., Кемелбекова З.А., Букабаева Б.Е., Шаяхметова Д.Б., Сейдалиева Г.О. The model of CLIL teacher training and retraining centre in the content of multilingual education. - Laplage em revista, ISSN 2446-6220, Vol 7 Extra D Jul/Aug 2021. 10. Ayapova.T.T., Shayakhmetova D., Kemelbekova Z., Bukabayeva B., Seidaliyeva G., Modeling of Teaching Content in a Foreign Language at the University Based CLIL Approach, RIGEO (Review of International Geographical Education Online), ISSN:2146-0353, No. 11(5), Spring 2021 11. Cognitive and lingua-cultural aspects of the concept of the numerals in Kazakhstan [Aspectos cognitivos y lingua-culturales del concepto de los numerales en Kazajstán] // (2019) Opcion, 35 (88), pp. 177-192. (Kurmambayeva, Z.B., Baltabayeva, Z.K., Ayapova, T.T., S.Аshirova, B.) 12. Аяпова Т.Т., Герфанова Э., Шаяхметова Д.Б., Investigating the cultural component in EFL textbooks: texts and illustrations, Opcion, 2018, EID: 2-s2.0-85059514338, Part of ISSN: 10121587 13. Ayapova T, Shayakhmetova D, Tautenbayeva A, Karibpayeva G, Azhibekova G Formation of the target professional competencies of CLIL teachers, Opcion, 2019, EID: 2-s2.0-85072152998 14. Герфанова Э, Аяпова Т, Шаяхметова Д - Вестник Педагогика ғылымдар сериясы, №3 (63), 2019 стр 137-142 15. Герфанова Э, Аяпова Т, Шаяхметова Д- Наука и жизнь Казахстана, №4 (79) 2019б стр 154-160 16. Аяпова Т, Дегтярева К, Айдарханова А - Самые современнные технологии в преподавании естеств наук, Вестник Пед Науки, 2018 №3 (59), стр 121-126 17. «Linguacultural Basis of Numerals in the Kazakh Language», Tiltanym. 2023; 89 (1), ISBN:2411-6076, p. 27-33 18. «Cultural values in the concept of number», Tiltanym. 2023; ISBN:2411-6076, 3 (91) 2023, p.72-77
МАРАПАТТАР 1. «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» 07.09.1994, 2. «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» 17.10.2020, 3. «Қазақстан Республикасы ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» 10.12.2002, 4. «Қазақстан Республикасы ЖОО-ның үздік оқытушысы» 2007, 5. «ҚР ЖОО-ның Ең үздік оқытушысы» байқауының қорытындысы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік гранты, 2007, 6. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты - 2010 ж., 7. «Құрмет» Ордені - 5.12.2014, 8. «Еңбек Ардагері» Медалі - 20.09.2018, 9. «Үздік ұстаз - Абай атындағы ҚазҰПУ» 2017, 10. «Парасат» Ордені-13.12.2021, 11. «Үздік Ғылым Қызметкері»-31.12.2021, 12. «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» 27.04.2022
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС 1. «Peer coaching at workplace» тренингі, 72 сағат, қазан-қараша 2022 ж. 2. Көптілді ағылшын тілін оқытуда ауызекі сөйлеу тілін бағалау, KazPromEducation, 72 сағат, 07-19 ақпан 2022 ж. 3. 21 ғасырдағы мұғалімнің білімі: проблемалары мен шешімдері, Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті, желтоқсан 2021 ж. 4. «Ағылшын тілін оқытудың және студенттердің сынақ дағдыларын дамытудың тиімді әдістері», Oxford University Press, 2023 жылғы наурыз. 5. Біліктілікті арттыру бағдарламасы «Шет тілдерін оқытуда түпнұсқалық материалдарды пайдалану, 72 сағат, Новосибирск 2021, ООО «Білім және мансап» ТИ 6. Кемел Болашақ жұмысы аясында Рухани жаңғыру оқуы 104 сағаттық вебинарлар сериясы, 22.09.30.11.2021 Нұр-Сұлтан қ. 7. Қазақстандық Ғалым Әйелдер Қоғамының «Белгілі Ғалым Әйелдер» жобасы бойынша 72 сағат куәлігі, 2023 ж.
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|