About us | Главная /
Қалыбаева Қаламқас Сейдуллаевна
Қалыбаева Қаламқас Сейдуллаевна
ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ Қалыбаева Қаламқас Сейдуллақызы 1986 жылы Абай атындағы Қазақ Педагогикалық институтын қызыл дипломмен бітірді. Ол 1988 жылдан бастап аталған университетте оқытушы, доцент, университет профессоры қызметін атқарып келеді. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі-38 жыл, ғылыми педагогикалық өтілі-34 жылдан асады.Осы жылдарда 40-тан астам магистрант, 2 PhD докторын дайындап шықты. Бірнеше ғылыми жобаларға жетекшілік етіп, шетелдерде, Қазақстан ЖОО-ларында ұтқырлық бойынша дәрістер оқып келеді.
БІЛІМ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері) Бакалавриатта: Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы Магистратурада: Академиялық жазылым,Контрастивтік лингвистика Докторантурада: Әлемдік лингвистика, Лингвосемиотика
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ Жетекшілік еткен ғылыми жобалары: 1)2007-2009 ҚР ҒжБМ «Ұлттық идея - Қазақстан халқын біріктіруші күш » бағдарламасы бойынша «Қазіргі түркі фразеологиясы» тақырыбындағы ғылыми жоба; 2) ҚР ҚБжҒМ Түркі академиясының қаржыландыруымен 2010-2011 жылдарға арналған «Түркі мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік бейнесі» тақырыбындағы ғылыми жоба; 3.2012-2013 жж. «Орхон-Енисей ескерткіштері: әдістемелік жүйесін жасаудың алғашқы тәжірибесі»;
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны (көрсету 5 мәнді). 1.Қазақ тілінің диалектілік тұрақты сөз тіркестері, Оқу құралы Алматы, 1997; 2.Салыстырмалы түркі фразеологиясы (Қыпшақ тілдері бойынша) Монография, Алматы-2009. «Полиграфия Сервиз К» .-404б. (25,25 б.т.); 3.Түркі тілдерінің қысқаша салыстырмалы фразеологиялық сөздігі. Алматы-2009. «Полиграфия Сервиз К».-86б. (5,25 б.т.); 4.Түркітану ғылымының өзекті мәселелері. Алматы,2015.Ұжымдық монография; Principles of anthropocentrism in modern linguistics: Linguistic personality(Article)| OpcionVolume 35, Issue 90-2, 2019, Pages 105-119 Зерттеу бағыттары бойынша ғылыми басылымдарда 100-ден астам ғылыми мақалалары жарық көрген.
МАРАПАТТАРЫ: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы, 2020.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» Республикалық ғылымипрактикалық орталығының алғыс хаты, 2020
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|