About us | Главная /
Мұқажанова Альмира Жапарқызы
Мұқажанова Альмира Жапарқызы
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ Мұқажанова Альмира Жапарқызы (02.05.1975ж.т.). Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің Халықаралық қатынастар факультетін бітірген (1998ж.). 1998-2001 жылдар аралығында «Саясаттану» мамандығы бойынша аспирантурада оқып, «Қазіргі Қазақстандағы мемлекеттің отбасы саясаты: саяси талдау» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын мерзімінен бұрын табысты қоғады. Саяси ғылымдарының кандидаты (2002). 2002-2005 жылдар аралығында докторантурада оқыды. 2001 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-нің саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушы, аға оқытушысы, доцентқызметін атқарып келеді. Саяси ғылымдарының докторы (2012). 2003 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршы («Әлеуметтік және саяси ғылымдар» сериясы) жұрналы редакция алқасының мүшесі. А.Ж. Мұқажанованың 150-ден аса ғылыми мақалалары саясаттану ғылымындағы әртүрлі салаларына байланысты қазақ, орыс, кәріс, ағылшын, неміс тілдерінде жарық көрді. А.Ж.Мұқажанова тәжірибелі ұстаз, әрдайым өз маңына ынталы және таланты жастарды топтастырып, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында студенттер, магистранттар мен докторанттарды даярлауда аянбай еңбек етуде.
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРӘЖЕСІ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ Бакалавриат: Саясаттану,Әлеуметтану, Саяси ілімдер тарихы, Саяси билік феномені және т.б. Магистратура: Кратология, Саяси философия, Ғылыми-зерттеу жұмысының әдістері мен әдіснамасы, Азаматтық қоғамдағы отбасы және демографиялық саясаты және т.б. Докторантура: Саяси психология, Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті және т.б.
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ 1.Семейная политика Республики Казахстан: национальные и общечеловеческие проблемы. Монография. - Алматы: Ғылым, 2009. - 272 стр. 2. Национальное и общечеловеческое в культуре межнационального общения Республики Казахстан: политологический анализ. Монография. - Алматы: Ғылым, 2010. - 277 стр. 3. Культура межэтнического общения: казахстанский опыт. Монография. - Алматы: «ИП Уатханов А.Ф.», 2012. - 240 стр. (в соавторстве) 4. Politologische Aspekte einer Erziehung zur Kultur des zwischennationalen Miteinanders - Politische,soziologische und rechtliche Probleme der Gesellschaftsent wicklung Kasachstans. - Berlin, 2015. - 247 p. - P.193-200. 5. Legal Culture of Kazakh Society: Political Aspects - Anais da Academia Brasileira de Ciencias (2019) 90 (1 Suppl. 2): 1206-1215
МАРАПАТТАРЫ 1.2008 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2.2016 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің кәсіптік мамандар даярлауға сіңіргенеңбегі үшін «ҮЗДІК ҰСТАЗ» төсбелгісімен марапатталды. 3.2018 жылы университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|