About us | Главная /
Нүптекеева Гүлназ Байқонаққызы
Нүптекеева Гүлназ Байқонаққызы
ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ: 1979 жылы 24 шілдеде Алматы облысы, Кеген ауданында дүниеге келген.1985-1996 жылдары орта мектепте білімалды. 1997-2001 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология факультетінде оқыды. 2001-2003 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология факультетінің лингвистика (қазақ тілін оқыту әдістемесі) мамандығы бойынша магистратура бітірді. 2003-2013 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология факультетінің Практикалық тілдер кафедрасында аға оқытушылық қызмет атқарды. 2013-2017 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология және көптілді білім беру институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2017 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 6D011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына докторантураға түсіп, 2020 жылы аяқтады. Қазіргі уақытта академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында аға оқытушылық қызмет атқарады.
БІЛІМІ:
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері): Бакалавриатта: Функционалды сауаттылықты дамыту әдістемесі, Қазақ тілінің синтаксисі, Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде қазақ тілін оқыту технологиясы, Қазақ тілінің морфологиясы, Қазақ тілінің сөзжасамы, морфологиясы.
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ: Оқу құралдары: 1. Қазақ тілі бойынша тест тапсырмаларының жинағы (Орыс тілді аудитория студенттері үшін) Печ Оқу-әдістемелік құрал. «КИЦОО» баспаханасы. Алматы, 2007. 112 б. 7 б.т. (авторлар бірлестігі). 2. Қазақ тілі. Қазақ тілінің курсы бағдарламасы бойынша деңгейлік-тақырыптық сабақ жоспарларының үлгілері (6 кредиттік иннрвациялық технологияға негізделген Печ «Әрекет-Принт» баспаханасы. Оқу құралы. -Алматы, 2009. 197 бет. 12,25 б.т. (авторлар бірлестігі)жоғары оқу орындарының өзгетілді аудиторияларына арналған). 3. Кәсіби қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының көркем-сурет факультетінің өзгетілді аудитория студенттеріне арналған) Печ Оқу құралы. -Алматы, 2013ж. 115б. 7 б.т. (авторлар бірлестігі). 4. Кәсіби қазақ тілі (ЖОО бастапқы әскери дайындық мамандығы үшін) Печ Оқу құралы. -Алматы, 2013ж. (авторлар бірлестігі) Кәсіби тілді меңгертудегі жаңа технологиялардың тиімділігі, қазақ тілін оқыту әдістемесінің мәселелері, сатылай кешенді оқыту технологиясымен оқытудың тиімділігі бағытында 30-ға жуық мақала ғылыми басылымдарда жарияланған.
МАРАПАТТАРЫ: Абай атындағы ҚазҰПУ, «Құрмет грамотасы» 2016ж. Абай атындағы ҚазҰПУ, «Үздік ұстаз» төсбелгісі 2016ж.
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|