About us | Главная /
Акажанова Алма Таурбековна
Акажанова Алма Таурбековна
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ Психология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, Ж. Аймауытов атындағы сыйлық иегері, «Қазақ психологиялық қоғамының» басты мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Диссертациялық кеңестің мүшесі, Дербес тұлға /ХХ-ХХI ғасырлардағы «Жаңашыл-педагогтар» және «Ғылымға арналған өмір» атты Энциклопедиялық кітаптарға енген ғалым. Алма Тәуірбекқызы Ақажанованың қысқаша өмірбаяны: 1948 жылы 12 сәуірде, Жарма ауданы, Семей облысы, Чарск қаласында дүниеге келген. Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының филология факультеті, мамандығы - жоғары сыныптың орыс тілі және әдебиет мұғалімі (1972); Д.А. Кунаев атындағы гуманитарлық университет, құқықтану факультеті (1999). 1989 жылы 19.00.07 - «Жас және педагогикалық психология» мамандығы бойынша Мәскеу қаласының Ленин атындағы институтында «Қазақстандағы жас және педагогикалық психологияның қалыптасуымен дамуы» атты кандидаттық диссертация қорғады; 2009 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясында «Кәмелеттік жасқа толмағандардың девианттық мінез-құлқының психологиялық-педагогикалық коррекциясы (түзету)» деп аталатын тақырыпқа докторлық диссертация қорғады, 19.00.07 - «Педагогикалық психология»). А.Т. Ақажанованың еңбектік іс-әрекеті: Алматы бизнес-колледжінің ұстазы, бөлім меңгерушісі және «Психология бизнесі» курсының оқытушы (1979 - 2000); «Кайнар» университетінің педагогика және психология факультетінің доценты (2000 - 2002); Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің доценті, Теориялық және практикалық психологии кафедрысының профессоры (2002 - 2013); Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Магистратура және PhD докторантура институтының доценті (2013 - 2014); Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Педагогика және психологии институтының профессоры (2014 жылдан бүгінгі күнге дейін). «ҚР-ғы ювеналды юстицияның даму концепциясының» бағдарламасы бойынша ҚР ҚАЖК Алматы және Алматы облысының пенитенциарлық мекемелерінде (ЛА-155/6, ЛА-155/4) екі жақты Меморандумға қол қойылып (Қазмемқызпу, 2006-2013, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің, 2013-2017) ғылыми-ізденіс тобы А.Т. Акажанованың жетекшілігімен психологиялық көмек көрсетіп, сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуде. Жабық мекемедегі ғылыми-ізденіс жұмыстардың нәтижесінде 1 кандидаттық, 2 докторлық, 20 магистрлық және бірқатар 40-н астам дипломдық жұмыстар қорғалды. Акажанова А.Т. 250 ғылыми еңбектердің авторы.
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (даярлау деңгейі бойынша тізімі) Бакалавриат: Психология тарихы, девиантология, заң психологиясы, жалпы психология, және т. б. Магистратура: Қазақстандағы психология ғылымдарының заманауи бағыттары.
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны (5 маңызды жарияланымды атап көрсету). Зерттеу тақырыбы: Білім берудің өзекті мәселелері. 1. «Психология девиантного поведения несовершеннолетних: теория и практика. Монография. - Алматы. - 2011. - 304с. 2. Импакт-ФакторISSN 1877-0428 - 2nd Global Conference on Psychology Researches(GCPR), Barcelona,Cpain. Психология, социальные науки. 2016- Р.529-532. 3. Заң психологиясы. Оқу құралы. -Алматы, 2016. - 336 с. 4. Psychological research of perception features of parental position and self-relation in different cultures/ Импакт-ФакторISSN 1877-0428 - 2nd Global Conference on Psychology Researches(GCPR), Barcelona,Cpain. Психология, социальные науки. 2016- Р.529-532. 5. Исправительные модели по ресоциализации и реадаптации поведения несовершеннолетних воспитанников в пенитенциарных учреждениях/ Вестник КазНПУ им. Абая/Серия «Психология» № 4 (61), 2019. - С.17-25.
МАРАПАТТАРЫ 1. «Абай атындағы Қазақ ұлттық университетіне 90 жыл» - Университеттің дамуына үлес қосқаны үшін, медаль, 2018; 2. «Лучший педагог СНГ - 2022» медаль, I-ші дәрежедегі диплом. - Астана, 2022. 3. «Жан әлемінің жанашыры» (настольная награда) - «Қазақстан ғылымының дамуына қосқан ерен еңбегі үшін» - 25 желтоқсан, Әлемдік психолог күні. - Алматы, 2023.
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|