қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Чингисова Акжан Адиетовна

Чингисова Акжан Адиетовна

 

Білімі: КСРО педагогика ғылымдары академиясының аспирантурасын бітірді. Мәскеу қаласында «Предупреждение и преодоление лексической интерференции в русской речи учащихся национальных (казахской) школ» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.


1982-1992 жж. - орыс тілінің мұғалімі, аға оқытушы, Абай атындағы ҚазПИ практикалық орыс тілі кафедрасының доценті. 1992 жылдан 2007 жылға дейін Абай атындағы ҚазПИ шетелдіктерге арналған орыс филологиясының, шетелдіктерге арналған орыс тілі кафедрасының доценті. 2001 жылдан бері Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор академиялық дәрежесінің иегері.

 

Мәскеу қаласындағы А.С. Пушкин атындағы Орыс тілі институтында және Ресей халықтар достығы университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.


2005 жылы «Қазақстан университеттерінде орыс тілін оқытудың коммуникативтік интегративтік технологиясы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. ҚР БҒМ аттестаттау кеңесінің шешімімен «Педагогика ғылымдарының докторы» ғылыми дәрежесі мен профессор атағы берілді.


2008-2015 жж. магистратура және докторантура институтының гуманитарлық-филология мамандықтары кафедрасының профессоры; Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология мамандықтары кафедрасында және филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасында профессор қызметін атқарды.


2012 жылы Гранада университетінде (Испания), Грек испан және славян филологиясы кафедрасының негізінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.


Жүз қырықтан аса ғылыми басылымдар, оның ішінде монографиялары бар. Олар:
1.Психолого-педагогические основы преподавания русского языка как иностранного в Казахстане. Алматы: Изд. «Казак университеті», 2002 .
2.Современные тенденции в лингводидактике, преподавание русского языка как иностранного. -Алматы: Изд. Дауір, 2009.
3. Инновационные технологии (коммуникативно-интегративное) обучения русскому языку в иноязычной аудитории. 2015.
Оқу құралдары:
1.Двуязычный толковый словарь глаголов движения. Методическое пособие. Алматы: АГУ им. Абая, 1993. - 70 с.
2.Исторические основы методики преподавания русского языка в национальной казахской школе. Хрестоматия. Учебное пособие -хрестоматия для студентов РКО филологического факультета. - Алма-Ата, 1996 ж. (соавтор Павленко В.К.).
3. Уроки русского языка. -Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2006 ж.
4.Изучаем русский язык в Казахстане (РКИ для иностранцев). - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007.
5. Русско-корейский словарь глаголов движения. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007.
6. Русско-китайский словарь глаголов движения. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2008.
7. Методическое пособие преподавания дисциплин по специальности в послевузовском образовательном процессе (2013-2014).


Халықаралық ғылыми конгрестер мен ғылыми конференцияларға (Ресей, Қазақстан, Испания, Польша, Словения, Англия, Австрия және т.б.) баяндамалар мен және жарияланымдармен қатысады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда және импакт- факторы бар журналдарда ( Испания) жарияланымдары жарыққа шыққан.


Марапаттары: ҚазССР Білім министрлігінің сертификаттары (1987, 1992).


ҚР БжҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері, 2010 ж.


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 85 жылдық мерейтойына арналған «Үздік ұстаз» төсбелгісінің иегері, 2013ж.


← Вернутся назад