About us | Главная /
Баймолда Досан
Баймолда Досан
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ 1956 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында туған. 1973 жылы Өлгей қаласындағы қазақ орта мектебін бітірді 1974 жылы Польша елінің Лодзь Университеті жанындағы поляк тілінің дайындық бөлімін, 1974-1980 жылдары Польшаның Варшава Университеті және М.К.Склодовская атындағы Люблин университеттерінде оқыды. 1980 жылы физика ғылымының магистрі атағын алды.. 1980-1992 жылдары Моңғолия Ғылым Академиясының Физика-техника және Химия институттарында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, зертхана жетекшісі қызметтерін атқарды. 1984-1992 жылдары Моңғолия ҒА-да іске асқан ЮНЕСКО және МАГАТЭ екі халықаралық ғылыми жобасына жетекшілік еткен. 1988 жылы Чехословакия Ғылым Академиясының Геология және Геотехника Институтында, 1990 жылы Польшаның Атом Энергиясы жөніндегі Институтында, 1992 жылы МАГАТЭ-нің Вена қаласындағы Орталық зертханасында ғылыми жұмыстарын жалғастырған. 1996 жылы Чехия Техникалық университетінде «Ядролық физиканың - Рентгенфлюресценциялық зерттеу әдісін көмір өндірісінде қолдану» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғаған. 2008-2013 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-нің халықаралық журналистика кафедрасында доцент, профессор, кафедра меңгерушісі болып істеді. 2014 жылы ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша Польша елінің Адам Мискевич университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. 2015 жылы Германияның «DAAD» бағдарламасы бойынша Гумбольдт университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. 2015-2016 жылы Абай атындағы ғылыми зерттеу орталығында аға ғылыми қызметкер, 2017 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Математика, Физика және Информатика институтының Физика кафедрасының ассоц.профессоры, профессоры 2018 жылы Қазақстанның Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды. 2019 жылы ҚР БжҒ Министрлігінің Білімді бақылау комитетінің шешімімен физика мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алды. 2022 жылы Қазақстанның Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі болып сайланды. 2022 жылы наурызда АҚШ тың Нью-Иорк қаласында орналасқан «American Journal of Physics and Applications» (AJPA) ғылыми журналының редакциялық кеңес мүшесі болды.
БІЛІМІ:
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ:
ҒЫЛЫМИ АТАҚ:
САБАҚ БЕРЕТІН ПӘНДЕР АТЫ: - Electricity and magnetism - Electronics - Nanotechology and nanomaterials - Mechanics - Робототехника - Физика негіздері - Жылуөткізгіш теориясы - Электроника негіздері - Нанотехнология негіздері
ҒЫЛЫМИ ІС ҚЫЗМЕТІ: Зерттеу бағыты: Көмір және басқадай қазба байлықтардағы химиялық элементтер құрамын ядролық физика әдістерін арқылы зерттеу. Маңызды жарияланымдар - Baimolda D., Bernasconi, G., Markowicz,A., Haselberger, N., «Trace element XRF analysis of Mongolian coals». Journal of Radioanal. and Nuclear Chem. Vol. 185, 1, 1994. 27-34
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ІС ҚЫЗМЕТІ: 3 монография және 2 оқу құралы 1. «Рентген флуоресценциялық зерттеу әдісін көмір өндірісінде қолдану». 160 бет. Монография. -Павлодар, 2010. 2. «Ағылшынша-қазақша-орысша сөздік». 113 бет . - Алматы, 2013. 3. «Application of X-ray fluorescence analysys in the coal industry». Monograph. 100 p -Алматы, 2018 4. «Электрониканың физикалық негіздері». Оқу құралы. (ҚР БжҒ министрлігінің Республикалық оқу әдістемелік кеңесінің шешімімен ЖОО арналған). 241 бет. Алматы, 2021 5. «Зерттеу жұмысына рентген флуоресценциялық әдісін қолдану/ Application of X0ray fluorescence method for the analysis». Оқу құралы/ Textbook. 143 бет. Алматы, 2022 6. «ҚазПИ түлектері және Байөлкенің алғашқы ұстаздары» Деректер және естеліктер жинағы. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ғылыми кеңесінің шешімі бойынша «Ұлағат» баспасы, 2024, Алматы
МАРАПАТТАРЫ: - ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» атындағы төс белгісі (2012ж) - Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Үздік ұстазы» төс белгісімен (2016ж) - Абай атындағы ҚазҰПУ-не 90 жыл» мерекелік медалі (2018ж) - Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Құрметті қызметкер» төс белгісімен (2020ж) - «Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекелік медалі» (2021ж) - Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалі (2023ж)
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|