қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Бекова Гүлнар Әмірханқызы

Бекова Гүлнар Әмірханқызы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

Бекова Гульнара Амирхановна- 1969 жылы 1 ақпанда Алматы облысы, Шелек ауданында дүниеге келген, ұлты қазақ, тұрмыста, 3 баланың анасы.

1986 жылы Қорам орта мектебін бітірген.

1986 жылы Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту ордені Қазақ педагогика институтына түсіп, 1991 жылы Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді қазақ мемлекеттік педагогика университетінің толық курсын "Бейнелеу өнері, сызу және еңбек" мамандығы бойынша бітіріп шығып, бейнелеу өнері, сызу және еңбек пәндерін оқытушысы деген квалификация берілді.

Оқытушылық еңбек жолын 1993 жылы 1 қыркүйектен осы аталмыш оқу орнының көркем-сурет графика факультетінің «Академиялық сурет» кафедрасынан бастады. Қазіргі уақытта «Көркем білім» кафедрасында еңбектенуде.

1998 жылдан осы кафедраның аға оқытушысы болып жұмыс істеуде.

2009 жылы Қазақстан Республикасының суретшілер одағының мүшелігіне өтті. №932.

 

БІЛІМІ:

Білім мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті

Бейнелеу өнері, сызу және еңбек пәндерінің оқытушысы

1986-1991 жж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ:

«Сурет негіздері»;

«Кескіндеме негіздері»;

«Академиялық сурет»;

«Академиялық кескіндеме»;

«Кескіндеме»;

«Түстану»;

«Композиция»;

«Адам денесінің суреті»;

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ:

«Академиялық сурет» пәнінің реалистік бағытын жетілдіруде, зерттеуде және кітап иллюстрациясын безендіру жұмыстарының саласын зерттеп, студенттерге жетекшілік ете отырып, шығармашылық көрмелерге қатысу. 40-қа жуық мақала,  500-ден аса оқулықтарға иллюстрация,  30 шығармашылық көрме.

1. «Көркемдік білім берудің әдістемелік мәселелері» Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, №3 (46) «Көркемдік білім» сериясында, 2016 ж.

2. «Көркем білім мен тәрбие берудің дүниетанымдық мәселелері» «Хабаршы» Абай атындағы ҚазҰПУ, Көркемөнерден білім беру:өнер-теориясы-әдістемесі сериясы - №2(63) 2020 ж.

3. Сурет сабағы бойынша болашақ дизайнерлердің инновациялық технологиялардағы жобалық ойлауын дамыту әдістемесі. Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының 50-жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала қырлары: заманауи кезеңдегі көркем білім беру»  атты Халықаралық Арт-Форум материалдары 10-11 қазан, 2019 жыл. «Ұлағат» баспасы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 81-86 беттер

4. «Сурет сабақтарында болашақ дизайнерлердің жобалық ойлауын дамыту әдістемесіндегі инновациялық технологиялар». Нижневартовск қ., 16 сәуір 2020 ж. Нижневартов мемлекеттік университеті Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. ХХІ ғасырдың көркемдік кеңістігі: мәселелері мен перспективалары.

5. «Өнердің дамуы ерекше жол ашқан компьютерлік графикасының түрлі салалары». Материалдар жинағы. «Көркемдік білім берудегі Арт-аренаның ынтымақтастығы және инновациясы» тақырыбындағы халықаралық онлайн/ офлайн ғылыми-практикалық конференция. 21 Сәуір 2022 жыл. Алматы қ. Абай атындағы ҚазҰПУ., баспа «Ұлағат», 110-113 бет.

 

 


← Вернутся назад