About us | Главная /
Сайфулмаликова Сабира Сабытханқызы
Сайфулмаликова Сабира Сабытханқызы
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ Сайфулмаликова Сабира Сабытханқызы 1985-1991 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінде білім алды. 1991 жылы университеті үздік дипломмен аяқтап, жас маман ретінде Қазақстан тарихы кафедрасында қалдырылды. 1998 жылы «Царизмнің ХІХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы Сыр бойымен іргелес өңірдегі әскери- саяси қимылдары және оның салдарлары» тақырыбында кандидаттық диссертация, 2010 жылы «Орталық Азиядағы Сырдария, Закаспий облыстарының қазақ тұрғындары саяси-экономикалық аспектілері (1867-1917 жж) тақырыбында докторлық қорғады. Жаңа заман тарихының маманы. 2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» халықаралық стипендиясымен «500-ғалым» жобасы бойынша Қазан федеральды университетінен ғылыми тағлымдамадан өтті
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
Оқытатын пәндері Бакалавриат Қазақстанның жаңа заман тарихы (2011-2022) Қазақ қоғамының күнделікті өмірі Қазақстан тарихының деректері (2011-2022) Қазақстан тарихының тарихнамасы Қазақстан тарихы МАГИСТРАТУРА
Қазақстанның жаңа және қазіргі замандағы әлеуметтік тарихының деректері
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ Қазақстанның жаңа заман тарихының маманы. Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары: Қазақстанның Ресейге қосылуы, ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы ұлт- азаттық қозғалыс, Қазақстанның саяси-экономикалық және әлеуметтік жағдайы, қазақтардың Қоқан, Хиуа хандықтары, Бұхар әмірлігімен саяси қарым-қатынасы, қазақ-түрікмен, қазақ-қарақалпақ қарым-қатынасы, ХІХ ғасырдың екінші жартысы-ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі халық ағарту ісі, ғылыми мекемелер тарихы. Эберт қорының «Гендер және қазақ қоғамы» жобасына, «Қазақстан тарихы» энциклопедиясы жобасына қатысқан.
ЖАРИЯЛЫМДАРЫ Жариялымдарының жалпы саны 150-ден асады, олардың ішіндегі ең маңыздысы: 1)Қоңырат тарихы мен шежіресі. Ғылыми еңбек.-Алматы: «Курсив баспасы.2016.-444-б / Х.М.Тұрсын, З.Жандарбек, С.Сайфулмаликова - ISBN 978-601-06-3668-2 2) Подготовка педагогических кадров для Степного и Туркестанского края в учебных округах Российской империи Bylye Gody. 2019. Vol. 52. Is. 2 E-ISSN: 2310-0028. С.714-725. 3) Роль Н.И. Ильминского в открытии Туркестанской учительской семинарии и Оренбургской киргизской учительской школы // Проблемы просвещения, истории и культуры сквозь призму этнического многообразия России (к 170-летию чувашского просветителя И.Я. Яковлева) : - Чебоксары: ИД «Среда», 2018. - С. 204-213. - ISBN 978-5-6040294-0-4. 4) Түркістан, Дала генерал-губернаторлығында құрылған мұғалімдер семинарияларының тарихынан (1879-1917 жылдар) // Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Хабаршы. Тарих сериясы. 2 (89) 2018 5) Орталық Азиядағы 1916 жылғы көтеріліс: тарихи-фактологиялық аспектілері//«Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызы».-Алматы. «Орхон» баспа үйі.-2016 жыл. 29-41 бб. 6) Тарихи білім берудегі 1916 жылғы көтерілістің теориялық аспектілері //Қазіргі таңдағы білім беру мен ғылымының өзекті мәселелері. 2018. 291-295 бб 7) Имперское управление в Казахской степи (1867-1917 гг). // Вопросы истории Сибири : сборник научных статей - Омск : Изд-во ОмГПУ, 2019. - Вып. 16. 152-160 с 8) Жәңгір ханның күнделікті өмір тарихынан (1823-1845 жж) // Отан тарихы ғылыми журнал 2019, № 1 (85)7 101-116 9) Орынбор оқу архив комиссиясының құрылуы мен қалыптасу тарихынан // Қазақстан жаңа заман тарихының өзекті мәселелері: қазіргі ұсанымдар мен көзқарастар.-Алматы.- 2019 ж. 37-42 бб 10) Город Оренбург в судьбах казахской молодежи (ХІХ век) // Оренбургский край как историко-культурный феномен. В двух томах. Оренбург. Т.1. 2020 стр 58-62 11) Ақмола, Семей облыстарындағы ауылдық мектептерді ұйымдастырудың ерекшелігі (ХХ ғ. басы) // Абай атындағы хабаршы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің хабаршысы. Тарих және саяси -әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1(68). 2021.51-59 бб 12)Ташкент қыздар гимназиясының құрылу тарихынан (1876-1917): Ташкент қыздар гимназиясының құрылу тарихынан (1876-1917) ////Абай атындағы хабаршы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің хабаршысы. Тарих және саяси -әлеуметтік ғылымдар сериясы. 7(75). 2022 13)Қазақстанның қазіргі заман тарихы// Электронды оқу құралы. АЭжБ, 2017 (авторлық құрамда)
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ, СЕРТИФИКАТТАР 1.Абай атындағы ҚазҰПУ, Онлайн-мектеп «Цифрлы-педагог» 2020. 2.Түркия Республикасы, Анкара, Хаджаттепе университетінің профессоры доктор PhD Оскул Чабаноғлы. ( Абай атындағы ҚазҰПУ )2022 3.Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ мен Л.Толстой атындағы тіл мен мәдениет институты «Орталық Азия». 2020 4.Қазан федералды университеті ғылыми тағлымдама (2023) Білікті арттыру куәлігі. КФУ УПК-171371 РН УПК -85-000018/202 (Қазан Федералды университеті) 5) Сертификат. Культура повседневности России (70 ч) (Қазан Федералды университеті 6) Сертификат. Мецентство и благотворительная деятельность российского купечества в ХІХ -начале ХХ вв (30 ч) ) (Қазан Федералды университеті) 7)Новые методы социогуманитарных исследований (10 ч) (Қазан Федералды университеті) 8) История развития женской благотворительности ( во второй половине ХІХ -начале ХХ века) (144 ч) ) (Қазан Федералды университеті)
МАРАПАТТАРЫ ҚР ҒжЖБМ Құрмет грамотасы (2023)
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|