Main /
Announcements
23.07.2021 «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ Басқарма мүшесінің бос лауазымына конкурс жарияланды
«Абай атындағы Қазақ ұлтық педагогоикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Абай атындағы Қазақ ұлтық педагогоикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесінің бос лауазымына (Басқарма мүшесі - әкімшілік және қаржы қызметі жөніндегі проректор) орналасуға конкурс жариялайды. Мекен жайы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13.
Қызметтің негізгі мәні - жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта және қосымша білім беруден кейін жоғары білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну.
Қызметтің мақсаты - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі, тиісті салалардың уәкілетті органдарында және (немесе) білім беру мекемелеріндегі басшылық қызметте 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы.
Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар: 1) жиырма бес жасқа толмаған; 2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған; 3) белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; 4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) белгіленген нысанда өтініш; 2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі; 3) конкурсқа қатысушының 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті фотосуретімен қоса қызметтік тізімі; 4) білім туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері, салыстыру үшін олардың түпнұсқаларын ұсыну арқылы: - Қазақстан Республикасының азаматтары - «Болашақ» халықаралық стипендия иегерлеріне шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтар және зертханалармен берілген, сонымен қатар өзара мойындау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен шетелдік білім беру мекемелерінен алынған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген білім туралы осы құжаттарды нострификациялау немесе мойындау туралы куәліктердің көшірмесі қоса тіркеледі; - «Болашак» халықаралық стипендиясының игерлерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамымен берілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашак» халықаралық стипендиясы бойынша оқуын аяқтағаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса тіркеледі; - өзара мойындау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген осы білім беру құжаттарын мойындау туралы анықтаманың көшірмелері қоса тіркеледі; 5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе соңғы) кадрлық қызмет куәландырған еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі; 6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамаларының үлгілеріне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6697 болып тіркелген) сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін алты ай ішінде берілген денсаулығы туралы №75/е үлгі бойынша медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды); 7) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде берілген психоневрологиялық ұйымның анықтамасы; 8) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы; 9) қылмыстық заңнамаға сәйкес, қызметке орналасуға тыйым салынбағандығын растайтын құжат.
Конкурсқа қатысуға құжаттар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Конкурсты өткізу күні мен жері қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшысы А.Е.Жумадиловқа ұсыну қажет, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, 304-кабинет, байланыс нөмірі: 8(727)3382003 ішкі байланыс нөмірі: 106, ұялы +7-747-988-0925, email: sovdirau@gmail.com
Конкурс бойынша қосымша ақпаратты Сіз www.abaiuniversity.edu.kz сайттының «Хабарландырулар» бөліміннен ала аласыз.
Кандидаттарды іріктеу және тағайындау тәртібі
Әкімшілік және қаржылық қызмет жөніндегі проректор, Басқарма мүшесінің өкілеттіктері Әкімшілік және қаржылық қызмет жөніндегі проректор, Басқарма мүшесінің атқаратын міндеті «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ проректор лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі
|