қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Нұрбаева Дилара Мұратқызы

Нұрбаева Дилара Мұратқызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ  

Қостанай облысы Рудный қаласында дүниеге келдім. №4 математика оқытуға бағытталған орта мектепті бітіріп, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің бакалавриат және магистратурасында оқыдым.

Магистратураны аяқтағаннан кейін «Математикалық анализ, алгебра және геометрия» кафедрасында жұмыс істедім.

2014 ж. 6D010900 - Математика мамандығы бойынша PhD докторантураға түсіп, 2018 ж. 6D010900 - Математика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Мектепте және педагогикалық жоғары оқу орнында алгебра курсын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбындағы диссертациясын қорғадым.

2018 ж. қыркүйек айында 6D010900 - Математика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

2017 ж. қыркүйек айының 1 жұлдызынан осы күнге дейін Математика, физика және информатика институтының математика, физика және информатика оқытудың әдістемесі кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеп жатырмын.

Ғылыми және оқытушылық қызметті қоса атқарып жүрмін.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күн

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет

Мұғалім

2006

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет

Магистратура

2008

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет

Докторантура

2017

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Философия докторы (PhD)

6D010900 - Математика

06.09.2018

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері)

Бакалавриатта: Математикалық есептерді шығарудың практикумы-1, Математикалық есептерді шығарудың практикумы-2, Элементарлық математика (алгебра),  Элементарлық математика (геометрия) - 2 тілде оқытылады.

Магистратурада: Математикадан мәтінді есептерді шығарудың қолданбалы аспектілері

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

Мектеп және педагогикалық университетінде математиканы оқытудың мәселелері бойынша жұмыс істейді. 20-дан астам жарияланымдары бар (Методика организации обучения курсу алгебры в педагогическом вузе// Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, №1 (61) «Физика-математика ғылымдары» сериясы. - Алматы, 2018. - Б.98-102; О развитии мышления учащихся при решении тригонометрических уравнений и неравенств в школьном курсе алгебры// Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, №1 (69) «Физика-математика ғылымдары» сериясы. - Алматы, 2020. - Б. 138-143;  О методике обучения решению уравнений и их систем с помощью компьютерной программы Geogebra// Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, №1 (69) «Физика-математика ғылымдары» сериясы. - Алматы, 2020. - Б. 150-155; Стандарт емес теңсіздіктерді шешу// Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, №2 (70) «Физика-математика ғылымдары» сериясы. - Алматы, 2020. - Б. 58-63; Көпмүшені квадраттау формуласы және оны есептер шығаруда қолдану мүмкіндіктері // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, №3 (71) «Физика-математика ғылымдары» сериясы. - Алматы, 2020. - Б.59-64; Physical theories in the course of physics at school // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, №3 (71) «Физика-математика ғылымдары» сериясы. - Алматы, 2020. - Б. 114-120; О методике обучения решению текстовых задач в курсе алгебры // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, №1 (73) «Физика-математика ғылымдары» сериясы. - Алматы, 2021. - Б. 48-53; Орта мектепте жаратылыстану пәндері бойынша білім беру үдерісіндегі сабақтастық // Педагогика и психология, №3 (48). - Алматы, 2021. - Б. 49-57).

 

Scopus базасының құрамындағы басылымдарға кіретін журналдардағы мақала: The Role of Educational Programs in the Development of Secondary Education (on the Example of Training Mathematics Teacher)// Mind, Brain, and Education. ISSN:1751-2271, E-ISSN: 1751-228X. Volume 17, Number 1. - United Kingdom, February 2023 (Процентиль 73)

 


← Вернутся назад