About us | Главная /
Дюсембина Гүлсамал Ерболқызы
Дюсембина Гүлсамал Ерболқызы
ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ ДЮСЕМБИНА ГҮЛСАМАЛ ЕРБОЛҚЫЗЫ - Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы, философия докторы(PhD).1986 жылдың 7 тамызында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген.Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары. Тілдік дағдылары: қазақ тілі - ана тілі; орыс тілі - еркін, ағылшын тілі - Intermediate деңгейі; түрік тілі - базалық. Жалпы еңбек өтілі: 11 жыл. Педагогикалық жалпы еңбек өтілі: 11; E-mail: gulka_07@mail.ru; Байланыс телефоны: 8 777 468 11 33; 87472886578 1993-2004 жж. Орал қалалық №30 ЖОББМ-да жалпы орта білім алса, 2004-2008 жылдары М.Өтімісов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік грант негізінде білім алған.2008-2011ж.ж. Жастар ісі жөніндегі жетекші, қазақ тілі пәнінің оқытушысы. Батыс Қазақстан медициналық колледжі. 2015-2018 ж.ж. М. Өтемісов атындағы БҚМУ аға оқытушысы, PhD доктор. 2017 ж. М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Қазақ филологиясы кафедрасы мегерушісінің м.а, БҚМУ доценті, PhD доктор. 2010-2012 жылдары М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ның «6М020500 - Филология» мамандығы бойынша магистртурада мемлекеттік грант негізінде білім алып, ф.ғ.к., доцент А.Ә.Ниязғаливаның жетекшілігімен «Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» роман трилогиясындағы ономастикалық атаулардың этнолингвистикалық сипаты» тақырыбындағы магистрлік диссертациясын сәтті қорғап шыққан. 2012-2015 жылдары аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті Жалпы тіл білімі кафедрасының «6D020500 - Филология» мамандығы бойыншаPhD докторантурада мемлекеттік грант негізінде білім алды. Отандық жетекшісі ф.ғ.д., профессор Қ.Ө.Есенованың және шетелдік жетекші РhD доктор, қауымдастырылған профессор Figen Guner Dilek-тің жетекшілігімен «Мерзімді баспасөздегі ғаламның аксиологиялық бейнесі» (саяси мәтіндер негізінде)(2016)» тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғаған. Когнитивтік лингвистика, лингвоаксиология, лингвосаясаттану, медиалингвистика, саяси дискурс, дискурс теориясы, қазақ медиамәтінінің дамуының ғылыми-теориялық негізін жаңа бағытта таныту мәселелерін қарастырады.
МАМАНДЫҒЫ, КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕСІ:
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері) Бакалавриатта:«Когнитивтік лингвистика», «Қазақ тілінің стилистикасы»,«Латынгрфикалы қазақ жазуы», «Қазақ тілінің диалектологиясы» Магистратурада:«Тіл және мәдениетаралық коммуникация», «Тіл біліміндегі антропоцентристік бағыттар», «Лингвистика ілімінің тарихы», «Лингвистикалық антропология» Докторантурада: «Лингвоаксиология негіздері»
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ, ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналда - 2 мақаласы (Пәкістан, Венесуелла), отандық және шетелдегі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда - 10 мақаласы (Қазақстан, Лондон, Чехия, Өзбекстан), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен ұсынылған журналдарда - 7 мақаласы (Алматы, Орал), «Лингвоаксиология (қазақ баспасөз материалдары негізінде)» атты электронды оқу-құралы (Алматы, 2017) (авторлық бірлестікте) және «Лингвоаксиология (қазақ баспасөз материалдары негізінде)» атты оқу-құралыжарық көрген (Алматы, 2020) (авторлық бірлестікте). Халықаралық конференциялар мен симпозиумдарда (Португалия, Түркия, Чехия, Ұлыбритания, Ресей, Өзбекстан т.б.) баяндама жасаған, 20-дан астам біліктілікті арттыру сертификаттарының иегері.
МАРАПАТТАРЫ Жеткен жетістіктері үшін ҚP Ғылым және білім министрлігінің республикалық Ғ.Мүсірепов атындағы (2006), Н.Ә.Назарбаев атындағы шәкірақы иегері атанған (2007). Оқуда үздік, қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін ҚР Ғылым және білім министрі Ж.Түймебаевтың және М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры Т.З. Рысбековтың арнайы «Алғыс хаттарымен» марапатталып, республикалық корпоративтік қор шәкіртақысына ие болған (2008).БҚО әкімдігінің, «Жыл үздігі-2011» БҚО жастарының премиясы «Үздік жас көшбасшы» номинациясының дипломанты атанған.2019-2020 оқу жылында университетке талапкерлер қабылдауда жүктелген жұмысты жоғары деңгейде атқарғаны және ұйымдастырудағы ерекше қабілеттері үшін университет ректоры Т.О.Балықбаевтың арнайы Алғыс хатымен марапатталған (2019). ТМД елдерінің жас ғалымдарының арасында ұйымдастырылған халықаралық байқауда үздік ғылыми мақала авторы ретінде 1-дәрежелі диплом және «Үздік жас ғалым-2020» төсбелгісімен марапатталған.
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|