қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Увалиев Талғат Ошанұлы

Увалиев Талғат Ошанұлы

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Елтану және туризм» кафедрасының доценті, еңбек өтілі - 45 жыл, мамандық бойынша - 29 жыл.

    Келесі зерттеулермен шұғылданады:

- Экономикалық-әлеуметтік география бойынша оқулықтар мен оқу құралдарының құрылымы және мазмұны;  

- Қазіргі Қазақстанның оқушы жастарының экономикалық мәдениетін қалыптастырудың этнопсихологиялық-педагогикалық ерекшеліктері;

- Болашақ география мұғалімдерін қосымша мамандандыру арқылы дайындаудың білімдік бағдарламасын жетілдіру.

Жүргізетін пәндері: «Дүниежүзінің мен ТМД елдерінің экономикалық және әлеуметтік географиясы», «Саяси география геосаясат негіздерімен», «Тұрғындар географиясы демография негіздерімен», «Дүниежүзінің табиғат ресурстарының географиясы» және экономикалық географияның экономика негіздерімен шептес оқу курстары бойынша дәрістер оқиды, студенттердің оқу-өндірістік және педагогикалық практикасына жетекшілік жасайды.

Жетістіктері.  150-ден астам ғылыми-әдістемелік статьялар және 30-дан аса оқулықтар мен оқу құралдары.

Біліктілікті көтеруден өтуі  (соңғы 5 жылда) бағдарлама бойынша:

1. Абай атындағы ҚазҰПУ. «Білім берудегі қазіргі үрдістер» біліктілікті көтеру курсының бағдарламасы бойынша сертификаты, 2012 жылғы 24 қыркүйек пен 6 қазан аралығы, 36 сағат көлемде;

2.  Абай атындағы ҚазҰПУ.  ОӘБ мен білім сапасын талдау және біліктілікті көтеру Институты. «Білімдік бағдарламаларды жобалау» тақырыбындағы семинар-тренингінің (Ұлыбритания, Австралия, Назарбаев университеттерінің және т.б. профессорлардың қатысуымен) сертификаты, 2013 жылғы 15 мен 19 сәуір аралығы (40 сағат көлемде);

3. Абай атындағы ҚазҰПУ. «Білім берудегі құзыреттілік амалдарды қолдану» тақырыбындағы семинар-тренингінің сертификаты, 2014 жылғы 15 ақпан мен 1 наурыз аралығы, 72 сағат көлемде;

4. Абай атындағы ҚазҰПУ. ГФР Лейпциг университетінің профессорының: «Landscape ecological assessments» тақырыбындағы дәрістер курсының сертификаты, 2014 жылғы 25 наурыз бен 1 сәуір аралығы, 72 сағат көлемде;

5. Алматы қаласы, «Өрлеу» біліктілікті көтерудің Ұлттық орталығы. Біліктілікті көтеру курсының сертификаты, 2015 жылғы 27 сәуір мен 23 мамыр аралығы, 240 сағат көлемде;

6. Астана қаласы, «НЗМ» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы. ҚР пед.кадрлар дайындайтын ЖОО ПОҚ арналған: «ХХІ ғасыр мұғалімінің кәсіби бағдары» тәжірибелік семинарының сертификаты, 2015 жылғы 22 мен 25 маусым аралығы, 32 сағат көлемде;

7. Абай атындағы ҚазҰПУ.  Герцен атындағы РосМемПУ профессоры Н.Д. Андреваның: «Білім берудегі инновациялық технологияларды дамытудың әдіснамалық амалдары» тақырыбындағы дәрістер курсының сертификаты, 2015 жылғы 13 мен 31 қазан аралығы, 102 сағат көлемде;

8. Абай атындағы ҚазҰПУ. Мәскеу қалалық ПУ профессорының: «Метапәндік білім берудің нәтижелерінің жетістіктері» тақырыбындағы дәрістер курсының сертификаты, 2015 жылғы 2 мен 14 қараша аралығы, 72 сағат көлемде;

9. Абай атындағы ҚазҰПУ. И.Арабаев атындағы ҚырМУ профессоры Т.М. Чодураевтың: «Орталық Азияның тұрақты дамуының табиғи аспектілері» тақырыбындағы дәрістер курсының сертификаты, 2016 жылғы 28 қараша мен 10 желтоқсан  аралығы, 72 сағат көлемде;

10. Абай атындағы ҚазҰПУ. Герцен атындағы РосМемПУ профессоры В.Г. Сусловтың: «Мектеп географиялық білімін жаңғыртудың қазіргі бағыттары» тақырыбындағы дәрістер курсының сертификаты, 2016 жылғы 28 қараша мен 10 желтоқсан  аралығы, 72 сағат көлемде.   

 Ғылыми қызығушылығының аясы: Экономикалық-әлеуметтік және саяси география, экономикалық білім мен тәрбие, мектеп географиясы, географияны оқыту әдістемесінің мәселелері.

 


← Вернутся назад