қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Жанбеков Хайрулла Нышанұлы

Жанбеков Хайрулла Нышанұлы

Жанбеков Хайрулла Нышанұлы - х.ғ.к., Жер туралы ғылымдар докторы, департамент директоры.
1981 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-нің химия факультетін бітірген. Сол жылы ҚазССР ҒА Органикалық катализ және электрохимия институтына жұмысқа қабылданды.
1992 жылы кандидаттық диссертация қорғады.
1994 ж. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің химия және химияны оқыту әдістемесі кафедрасына қабылданды.
01.10.2000 ж. доцент міндетін атқарушы, ал 22.02.2002 ж. ҚР ЖАК шешімімен доцент ғылыми атағы берілді.
2003 ж. ҚР ЖАК шешімімен 03.00.16-Химия ғылымдары бойынша экология мамандығына жеке жетекшілік ету құқығына ие болды.
2007 жылдың наурыз айында Университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен Х.Н.Жанбековке университеттің профессоры атағы берілді (№6, 06.03.2007 ж.).
Хайрулла Нышанұлы 15.05.2007 ж. бастап география және экология факультетінің оқу ісі жөнінде декан орынбасары, 01.09.2008 ж. химия және биология факультетінің оқу ісі бойынша декан орынбасары, 09.04.2010 ж. химия және биология факультетінің деканы м.а., 01.09.2011 ж. жалпы университеттік пәндер орталығының директоры, 01.09.2012 ж. химия-биология факультетінің деканы, 02.09.2013 ж. Жаратылыстану және география институтының директоры, 20.04.2016 ж. шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің деканы қызметін атқарды.
2017 жылдың қазан айынан бастап Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры.
2007 ж. ҚР Президентінің «Алғыс хатымен», 2008 ж. университет ректорының бұйрығымен мамандарды даярлауда қажырлы еңбегі үшін «Үздік ұстаз» төс белгісімен, 2013 жылы «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Д.Айнақұлованың «Алғыс хатымен» марапатталып, 2015 жылы ҚР Президентінің «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелiк медалімен наградталды. 2017 жылы ҚР тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы директорының орынбасары Ә.Рахымжановтың «Алғыс хатымен», 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Хайрулла Нышанұлының 140-тан аса ғылыми еңбегі жарыққа шыққан, оның 120-і диссертация қорғағаннан кейін жарық көрді, 10 авторлық куәлік пен РФ және ҚР патенттеріне ие, өзінің жеке 4 оқулығы жарыққа шыққан. «Аналитикалық химия практикумы» (2000 ж.), «Физикалық және коллоидты химия есептері мен жаттығуларының жинағы» (2003 ж., 2010 ж.), «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары» пәнінен тестік тапсырмалар (2004 ж), «Аналитикалық химия практикумы» 1-, 2-том (2007-2008 ж.) және 2014 жылы 2 оқу құралы жарыққа шықты, сонымен қатар 4 мақала импакт-фактор журналдарында жарияланды, оған қоса 2 ірі монографиясы жарыққа шыққан. Оның біреуі шетел баспасында шықты (Экологический мониторинг реки Сырьдари в пределах РК. Издатель: LAP Lambert Academic Publishing, Германия, Saarbrucken 2013-C.377. ISBN: 978-3-659-33760-4).
Халықаралық, республикалық деңгейдегі конференциялар мен түрлі іс-шаралардың белсенді қатысушысы болып табылатын Хайрулла Нышанұлы қаланың қоғамдық өміріне елеулі үлесін қосуда, 1995 жылдан 2006 жылға дейін Алмалы ауданына қарасты №63 сайлау бөлімшесінде, ал 2007 ж. Медеу ауданындағы №32 сайлау округінде төрағалық қызметін атқарды.
Сонымен қатар, 2016 жылдан бері Жапония мемлекетінің Цукуба университетінің профессорларымен бірлесе отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

 


 


← Вернутся назад