About us | Главная /
Иркитбаев Сакен Нуркайдарович
Иркитбаев Сакен Нуркайдарович
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Жаратылыстану және география институты, «Қазақстан географиясы және экология» кафедрасының доценті Жалпы еңбек стажы- 33 жыл , педагогикалық - 23 жыл, Иркитбаев Сакен Нұрқайдарұлы 16.12.1968 ж. Талдықорған облысы, Жаркент ауданы, Қоңырөлең ауылында дүниеге келген. С.Н. Иркитбаев қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану-география факультетін 1994 жылы «өте жақсы» деген үлгеріммен бітірген. 1994 жылы «Қазақстан географиясы» кафедрасына оқытушы қызметіне орналасты. 2000 жылы «Қазақстан географиясы» кафедрасының доценті аталды. 1995 жылдан «Қазақстан географиясы» кафедрасының оқу дала және педагогикалық практикасына жауапты жетекші болып тағайындалды. Ғылыми еңбектері: Жалпы ғылыми еңбектерінің саны 100-ден асады, сонын ішінде 4 оқу-әдістемелік құралы, 10 типтік оқу бағдарлама және ғылыми мақалалары республикалық ғылыми-әдістемелік журналдары мен университетітің «Хабаршы-Вестник» журналында жарық көрді. Соңғы 3 жылда келесі ғылыми мақалалар шықты: «Хабаршы №1 2015» журналында «Талас өзені алабының геоэкологиялық жағдайы», «Білікті педагог №1 2015 ж.» журналында «Экологиялық білім қалыптастыруда Туристік- өлкетану іс-әрекетінің маңыздылығы», «Білікті педагог №2 2015ж.» «Алматы апортын бақылау- басты назарда», «Құзіретті» республикалық ғылыми-әдістемелік , ақпараттық-танымдық журналы №4 2015ж., Алматы қ. 2016ж. "Талас өзені алабының табиғи ландшафттары және ландшафттарының өзгеру себептері", «Орта және жоғары мектептерде биологиялық және экологиялық білім берудің өзекті проблемалары: инновация және тәжірибе» Ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 14-15 қазан, 2016ж., Алматы; "Жаңа технология тәсілімен физгеография пәнін оқыту" ғылыми мақала «Хабаршы журналы» Алматы қ. 2016ж., «Сарыарқаға саяхат» ғылыми мақала Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «География, биология, экология орта мектепте» журналы Алматы қ. 2016ж, №4; "Жер ұйығы - Жетісудың орталық өңіріне саяхат" ғылыми мақала Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Биология, география және экологияны мектепте оқыту әдістемесі» Алматы қ., 2016ж.; "Значение учебных полевых практик при подготовке специалистов географов на примере ГНПП Алтын-Эмель " Халықаралық ғылыми конференция материалдары «Жаратылыстану ғылымдары білімін жаңартылған мазмұны жағдайында модернизациялау», 2017ж.
4 курс 5В011600-«География» мамандығы студенттерінің эдвайзері болып жұмыс атқаруда. Осы топтың оқу-тәрбие жұмыстары жоспар бойынша жүзеге асырулыда. Сонымен бірге 4 курс «География» мамандығының 10 студентіне тәлімгер. Жетістіктері: Біліктілікті көтеруден өтуі (соңғы 5 жылда):
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|