қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Көкенова Закира Қонысбекқызы

Көкенова Закира Қонысбекқызы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН

Оңтүстік-Қазақстан облысында орта мектепті бітіріп, бір жылдай бітірген мектебінде еңбек жолын бастады. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институттың филология факультетін үздік белгісімен тәмәмдаған. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін сол институтта төрт жылдай  орыс, қазақ  әдебиет кафедрасында аға лаборант, кейін оқытушы болып жұмыс істеді.  Кейін Алматы мемлекеттік медицина институтына ауысып, орыс тілі кафедрасында 33 жылдай аға оқытушы лауазымында қызмет етті. Зейнеткерлікке щыққаннан кейін былтырғы оқу жылынан бері Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі және әдебиет кафедрасының аға оқытушысы лауазымында жұмыс істеді. Көпжылғы адал еңбегі үшін С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ әкімшілігі тарапынан «Қола медалімен» және «Алтын медалімен» марапатталған.  Тәжірибелік орыс тілі бойынша бірнеше оқу-әдістемелік оқу құралдарының, оқулықтардың, 36  ғылыми мақалалардың авторы. 

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітірген жылы

 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты

оқытушы

1982

 

ОҚЫТАТЫН  ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері)

Бакалавриатта:  Орыс тілі

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Ғылыми мақалалардағы қосалқы авторларының ғылыми мүдделері:  лингвистика, тіл саясаты, латын кәріпіне көшу, орыс  әдебитеті.  Сондай-ақ қазақ топтарында оқитын студенттерге орыс тілді үйрету әдістері мен инновациялық технологияларды, үш тұғырлы тіл саясатын, орыс тіліне үйретудегі  іскерлік ойын тәсілдерән тиімді  пайдалануға қатысты мақалалары (ғылыми мәтіндермен жұмыс жүргізу барысында инновациялық әдістерді қолдану; медициналық ЖОО болашақ мамандарды даярлауда көптілді оқытудағы инновациялық жолдары; кәсіби орыс тілі сабақтарында студенттердің  сыни ойлау технологиясының элементтерін қолдану;   орыс тілді шет тілі ретінде оқытып үйретуде  мультимедиялық технологияларды қолдану; Латын әліпбиіне көшу проблемаларына байланысты «Қазақ жазбасындағы тарихи мен танымдылық мағынасы, сонымен қатар жаңа әліпбиге көшудегі ұлттық мақсат пен мүдделер  және т.б. («Вестнике» Серия «Педагогические науки» КазНПУ им.Абая  № 4 (50), ноябрь 2017 г., с. 54-55; «Вестнике» КазНМУ им.С.Асфендиярова № 7 (26) 2017 г., с. 62-67; «Вестнике» КазНМУ им.С.Асфендиярова № 7 (26) 2017 г., с.82-86; «Academia Arena « США, 2018 9(12) Academia Arena 2018;9(12) http://www.sciencepub.net/academia Historical-Knowledge Importance Of Kazakh Written And National Goal Of Transition To New Alphabet); орыс әдебиеті бойынша қосалқы автор доц. Е.А.Ломовамен бірлесіп орыс жазушысы А.Куприннің шығармаларына байланысты бірқатар мақалалар : Социальный аспект литературного наследия А.Куприна, Концепт личности в художестенной прозе А.Куприна;  Основы писательской концепции в литературном наследии А.Куприна; Типический герой в художественной прозе А.Куприна. в журнале; Писательское кредо в литературном  наследии Куприна; Концепт «Колесо времени» в прозе А.Куприна)  «Polish journal of science» журналында  № 24, 2020 ж., Польша) International independent scientie journal. VOL.2 № 12 2020, ISSN 3547-2340)

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны (көрсету 5 мәнді). 40-тан астам әдістемелік ұсынымдар С.Ж.Асфендияров атындағы қазҰМУ-де, қосалқы авторлармен бірге  оқу-әдістемелік оқу құралдары - (орыс тілінде)  ж. б.

 

МАРАПАТТАРЫ

 


← Вернутся назад