About us | Главная /
Сарыбаева Айгерім Бақытбекқызы
Сарыбаева Айгерім Бақытбекқызы
Бақытбекқызы Айгерім 1994 жылы 25 маусымда Қызылорда облысында дүниеге келген. 2011 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында №103 орта мектепті үздік бітірді. 2011 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіндегі педагогика және психология факультетінде, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша оқуға түсті. 2014 жылы «Дуальды білім беру» бойынша университет қабырғасында оқып жүріп, еңбек жолын Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты «Еркем-Ай» білім беру орталығынан бастады. 2015 жылы жоғарғы оқу орынын үздік аяқтап, Алматы қаласындағы №112 балабақшада тәрбиеші болып жұмыс жасады. 2016 жылы «Мейірім» жеке-меншік балабақшасында әдіскер, психолог қызметін атқарды. 2017 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Әлеуметтану» мамандығына магистратураға түсіп, 2019 жылы әлеуметтік ғылымдар магистрі ғылыми дәрежесін алды. Осы жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық» факультетіне хатшылық қызметке тұрды. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап, Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында оқытушылық қызметін атқаруда.
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ 1. Садырова М.С, Сарыбаева А.Б, Қазақстандағы үштілділік саясатының әлеуметтанулық сипаттамасы, Хабаршы. Психология және Социология сериясы №3 (66).2018, 99-105бб 2. Садырова М.С, Сарыбаева А.Б, Мектепке дейінгі балалардың әлеуметтік психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Хабаршы.Психология және социология сериясы №1 (68).2019, 194-201бб
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|