қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Айтбаева Айгүлім Боранғалиевна

Айтбаева Айгүлім Боранғалиевна

Айгүлім Боранғалиевна Айтбаева Абай атындағы ҚазҰПУ-нің оқу-әдістемелік бірлестігінің бастығы, п.ғ.к., доцент. 1998 ж. «Х. Досмұхамедұлының педагогикалық мұрасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. Ғалымның педагогикалық зерттеулері аумағына - тарихи-педагогикалық зерттеулер әдіснамасы, салыстырмалы педагогика, педагогика тарихы, коррекциялық педагогика, жаңа педагогикалық технологиялар, этнопедагогика, әлеуметтік педагогика және т.б. жатады.  Ол  60-тан астам ғылыми еңбектердің, соның ішінде салыстырмалы педагогика, педагогика тарихы, коррекциялық педагогика, жаңа педагогикалық технологиялар, әлеуметтік педагогика, педагогикалық конфликтология бойынша  оқу құралдарының, этнопедагогика және педагогика тарихы бойынша типтік бағдарламалардың, бірнеше оқу-әдістемелік нұсқаулықтардың авторы. Айгүлім Боранғалиевна қазақстандық ЖОО арналған эксперименталдық «Өзін-өзі тану» курсы бойынша оқу-әдістемелік кешенді құрастырушы авторлардың және тренерлердің бірі. А.Б. Айтбаева 1992 жылдан бері республикалық «Ұлттық тәлім-тәрбие» ассоциациясы президиумының мүшесі.

 

 

 


← Вернутся назад