About us | Главная /
Абдикаримова Гаухар Әбдіхалыққызы
Абдикаримова Гаухар Әбдіхалыққызы
Мен, Абдикаримова Гаухар Әбдіхалыққызы - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институты «География, экология және туризм» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Машат елді мекенінде дүниеге келгем. 1983 жылы Алматы қаласында Қазақтың Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институты, «Жаратылыстану-география» факультетіне «химия-биология» мамандығына түсіп 1988 жылы бітірдім. 1988-1995 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Тастұмсық (Вознесеновка) елді мекенінде орналасқан Лермонтов жалпы орта мектебінде география пәнінің мұғалімі қызметін атқардым. 1995-2010 жылдар аралығында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «География», кафедрасының аға оқытушысы қызметі, отбасылық жағдайға байланысты 2010-2012 жылдар аралығында Астана қаласында «Тұран-Астана» университетінде доцент қызметін атқардым, 2013 оқу жылынан бастап Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің «Елтану және туризм» кафедрасында аға оқытушы қызыметіне орналастым. Қазіргі таңда Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің «География, экология және туризм» кафедрасынан "Биология" ББ бөлімінде аға оқытушы қызыметінде жұмыс атқарамын. 2009 жылы «Оқушылардың экологиялық білімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмысын қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежеге ие болдым. Жалпы еңбек өтілім 33 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілім 26 жылды құрайды.
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ
ЖҮРГІЗЕТІН ПӘНДЕР ТІЗІМІ 1.« Биоогияға кіріспе» 2.« Биоценология»
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ - негізгі зерттеу тақырыбы: Экология және туризм, биология 2009 жылы «Оқушылардың экологиялық білімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмысын қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежеге ие болдым. Жалпы 111 ғылыми зерттеу мақалаларым жарық көрген, оның ішінде негізгі еңбектері: «Географияны оқыту әдістемесі» - оқу құралы; «Экологиялық сыныптан тыс жұмыстар» - әдістемелік нұсқау; «Физикалық географияны оқыту әдістемесі» - оқу-әдістемелік оқу құралы; «Экологиялық білім және тәрбие»; «Физикалық географияны оқыту әдістемесі» - оқу құралы; «Бағалаудың өлшемдік технологиялар» оқу-әдістемелік оқу құрал; «Зерттеу әдістері» оқу-әдістемелік оқу құралдарын дайындадым. Барлығы университет кітапханасына өткізіліп студенттер пайдалануда.
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ- зерттеу тақырыбы: «Экология және өлкетану». Басылымдар саны - 126 мақала.
1. Қазақстан халқының климаттың өзгеруіне бейімделуі, адам денсаулығына әсері. Хабаршы. «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. Алматы. №1 (63) 2020.-7-11 бб. 2. Қашықтықтан білім беруде географиялық деректерді ақпараттық коммуникация технологиясын қолдана отырып оқытудың ерекшеліктері. Ғылыми-әдістемелік журнал. Педагогика және психология. Алматы.: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, №2 (43) 2020. -62-70 бб. 3. Жаңа тeхнологияны бiлiм саласында пайдаланудың маңыздылығы. Ғылыми-әдістемелік журнал. Педагогика және психология. Алматы.: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, №4 (45) 2020. -85-96 бб 4. Formation of HighLevel Thinking Skills of Students at the Lessons of Geography (By Taxonomy Bloom). "Innovative Processes Management in the Context of Education and Science Modernization": Materials of the III International Scientific-Practical Conference. In two volumes. Volume II - Hamburg, Germany: Regional Academy of Management, 2021. - 438 p. Стр. 92-97. 5. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттырудағы заманауи талаптар: өзектілігі, шешу әдістері. ҚАЗАҚ БIЛIМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАЯНДАМАЛАРЫ 3/2020. Журнал 2008 жылдан бастап шығады. БАҚ - қа тіркелгендігі туралы № 9608 - Ж куәлікті Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2008 жылы 4 қарашада берген. Нұр-Сұлтан. 1/2021. 78-87 бб.
МАРАПАТТАРЫ 1. Награждена благодарственными письмами и похвальными грамотами: за лучший доклад на пленарное заседании конференции по теме: «Дағдарыстан жаңару мен дамуға», неоднократно участовала в областной олимпиаде учителей географии в качестве председателя жюри «Оңтүстік Қазақстан облыстық ББЖЖТ, ПКБА және ҚД» награждена грамотой «Лучший член жюри». 2. Диплом и медаль. Выступала с научным докладом на Международном симпозиуме «Развитие спорта высших достижений и народного (массового) спорта в новых условиях стран ШОС и СНГ к 20- летию СНГ», который проводился в Республике Кыргызстан 4-12 сентября 2011 г. Имеет сертификат участника научной конференции. Серебряный призер XI Международных Иссык-Кульских игр среди спортивных семей, где заняла 2-ое место и диплом, медаль «Азия-Регион сотрудничества и мира». 3. Диплом члена-корреспондента. Диплом действительного члена-корреспондента. Международная общественная организация «Академия детско-юношеского туризма и краеведения имени А.А. Остапца-Свешникова» по специальности «Детско-юношеский туризм и краеведение» г. Москва 2014г. 4. Нагрудной знак. 2015 году награждена нагрудным знаком «ҮЗДІК ТӘРБИЕ ЖЕТЕКШІСІ» за добросовестный труд и активное участие в общественной жизни университета. 5. Сертификат. «ЖОО білім беру жүйесінің педогогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын бағдарлама» курсы. Алматы қаласындағы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педогогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын Республикалық институты «Өрлеуде» өткізілді. Өрлеу Алматы. 20.06.2015 6. Диплом академика. Международная общественная организация «Академия детско-юношеского туризма и краеведения имени А.А. Остапца-Свешникова» по специальности «Детско-юношеский туризм и краеведение» г. Москва 2016г. 7. Сертификат. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасы бойынша 232 академиялық сағат көлеміндегі тренерлерді оқыту курсын аяқтады. Астана қ. Берілген күні: 2016 ж. «29» қаңтар. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы. ТО №000048. 8. І дәрежелі диплом. Республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистранты Сәлімжанов Н.Ө. «6М011600-География» мамандығы бойынша марапатталады. Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к. Абдикаримова Г.А. Астана, 2016ж. 9. Алғыс хат. Актобе 2016 жылдың 19-20 сәуір аралығында 5В011600-География мамандығы бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде өткен География пәнінен VІІІ Республикалық студенттік олимпиада білімгерлерді дайындағаны үшін Абдикаримова Г.А. марапатталады. 10. Диплом I степени за участие в конкурсе «Лучшая научная работа» в секции «Экономические науки» по результатам работы Международной научно-практической конференции Вопросы науки и образования: теоретические и практические аспекты (г. Прага, Чехия, 16 мая 2017 г.) 11. Сертификат. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтады. БЖ №095861. Астана қ. Берілген күні: 2018 ж. «09» қараша. 12. Мерекелік Медель. Университеттің дамуына үлес қосқаны үшін «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл» мерекелік медалмен марапатталды. №551. 13.12.2018. 13. Алғыс хат. Сізді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі 2019 жылдың наурыз айының 14-15 жұлдызында «Қазақстан және Орталық Азияда туризмді дамытудың тенденциялары мен келешегі» атты І халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын жоғары деңгейде ұйымдастырылуына және сәтті өтуіне белсене атсалысқаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін 14. ІІІ дәрежелі Диплом. ҚР білім және ғылым министрлігі Республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистранты Смайлова Д.Е. 6М011600-География мамандығы бойынша және ғылыми жетекшісі Абдикаримова Г.А. марапатталады. 15. Алғыс хат. ҚР білім және ғылым министрлігі Республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті Базарбекова Н.А. 5В011600-География мамандығы бойынша және ғылыми жетекшісі Абдикаримова Г.А марапатталады. 16. Алғыс хат. ҚР білім және ғылым министрлігі Республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті Маханбетова Ж.Ә. 5В011600-География мамандығы бойынша және ғылыми жетекшісі Абдикаримова Г.А марапатталады. 17. Алғыс хат. «Балдаурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы 2019 жылдың 16-18 қазан аралығында өткен Жаратылыстану және география пәндерін оқытудағы интербелсенді әдістердің тиімділігі атты Республикалық семинардың өтуіне белсене қатысып, қолдау білдіргеніңіз үшін алғыс білдіреді! Егеменді еліміздің жас ұрпағына заманауи талаптарға сай білім мен тәрбие беру жолындағы ынтымақтастығымыз нығая берсін. Игі бастамаларыңызға шығармашылық табыс, деніңізге саулық тілейміз! 18. І дәрежелі Диплом. «BILIM-ORKENIET» ұлттық иновациялық ғылыми-зерттеу орталығы. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстанның құрметті ұстазы» атты республикалық байқауының жеңімпазы. Нұр-Сұлтан-2019 жыл. №157 19. Қазақстанның құрметті ұстазы төсбелгі. «BILIM-ORKENIET» ұлттық иновациялық ғылыми-зерттеу орталығы. Білім және ғылым саласына қосқан айырықша еңбегі үшін «Қазақстанның құрметті ұстазы» атты төсбелгімен марапатталады және куәлік беріледі. Нұр-Сұлтан-2019 жыл. №102 20. Алғыс хат. Республикамыздың барлық аймағын қамтыған «Үздік студент-2019» жобасының «Жас қыран» талантты жастардың ІІІ кітап жинағына еніп, үздіктер қатарында танылған жастарды ғылыми-тәрбие жұмыстарында үнемі қолдау көрсетіп жүргені үшін Абдикаримова Г.А. марапатталады. Нұр-Сұлтан-2019 жыл. 27 қараша №031.
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|