қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Сарымбетова Алмакул Айдашқызы

Сарымбетова Алмакул Айдашқызы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ 

1959 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1976 жылы №54 Октябрь мектебін бітірген. Жоғары білімді Алматы шет тілдері педагогикалық институтында, қазіргі ҚазХҚжӘТУ-да «ағылшын және француз тілі мұғалімі» мамандығы бойынша алған (1983). Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы №163 орта мектепте ағылшын тілі мұғалімі (1983-1986), аудандық оқу бөлімінің әдіскері (1986-1990), кейін №193 орта мектептің директоры болды (1990-1995).

1995-2014ж. - ҚазМемЖенПу шет тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы.

1998-2011 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті жанындағы «Дара бала» лицейін құрып, директоры болды.

2015-2017 жж. - ҚазМемЖенПу көптілді орталығының жетекші маманы.

2017-2018 жж. - аға ағылшын тілі мұғалімі, Қазақстан-Ресей медицина университетінің ағылшын тілі курсының меңгерушісі.

2018-2019 жылдары - ҚазҰАУ ағылшын тілі кафедрасының аға оқытушысы

2019-2021 - Шетел тілдері және іскерлік карьера университетінің ағылшын тілі пәнінің аға оқытушысы

2021 жылдан - ҚазҰПУ ағылшын тілі пәнінің аға оқытушысы

30-ға жуық ғылыми мақалалардың авторы

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру жылы

Алматы шет тілдер педагогикалық институты (КазУМОиМЯ)

Ағылшын тілі мұғалімі

1983

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми саласы

Диплом берілген жылы

Филология ғылымдарының кандидаты

Филология

2019

 

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Ғылыми атағы

Марапаттау жылы

Кандидат

2019

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ 

Бакалавриатта:  практикалық шет тілі (ағылшын тілі), негізгі шет тілі (ағылшын тілі)

Магистратурада: кәсіби шетел тілі (ағылшын)

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

Отандық және шетелдік халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда - 30 мақала (Қазақстан, Ресей, Польша, Түркия), ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда - 3 мақала (Алматы, Көкшетау, Павлодар), журналда , ғылыми-зерттеу базасына енгізілген Заманауи ғылым хабаршысы РИНЦ - 7 мақала (Ресей, iSiensce Украина), ВАК- 6 (Қазақстан, Ресей), Халықаралық конгресс - 3 мақала (Түркия: Анталия) және біліктілігін арттыру туралы 40-тан астам сертификаттардың иегері.

Халықаралық SCOPUS мәліметтер базасының тізіміндегі 1 мақала (Representation Of The Concept Of Time In The Linguistic Consciousness Opción, Año 35, №. 88, Апрель, 2019, 27-52стр ISSN 1012-1587 / ISSNe: 2477-9385).

6-12 сыныптар арасындағы шет тілі бойынша оқу-әдістемелік бағдарламасын әзірлеу бойынша сарапшы (ҚР БжҒМ және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы).

 

МАРАПАТТАРЫ

ҚазМемЖенПУ-дің дамуына үлес қосқаны үшін  «Құрмет» төсбелгісімен марапатталды (2014ж)

«Білім беру саласын дамытуда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде қол жеткізген жетістіктер үшін» Алғыс хат (Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы, 2021ж)

Университет ректорінің, дакан және кафедраның атынан алған көптеген алғыс хаттар 

 


← Вернутся назад