About us | Главная /
Наметкулова Фарида Жанұзаққызы
Наметкулова Фарида Жанұзаққызы
ҚЫСҚА АВТОБИОГРАФИЯ Жамбыл облысы Байзақ ауданында дүниеге келген. Жамбыл қаласындағы Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектепті бітірген соң, С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде физика мамандығы бойынша білім алған. Жоғары оқу орындарында, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және орта білім беру саласында, әдістемелік кабинет әдіскері, сондай-ақ біліктілікті арттыру жүйесінің тренерлері мен мұғалімдерді бағалау бойынша сараптама жүргізу тәжірибем бар. 2011 жылы «13.00.01 - жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы» бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасында жұмыс істеймін. Мен ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметті қатар жүргізудемін.
БІЛІМ БЕРУ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ОҚЫТЫЛАТЫН ПӘНДЕР Бакалавриат: Физиканы оқыту әдістемесі - 2 тілде. Күрделілігі жоғары есептерді шешу әдістері. Мектептегі эксперимент техникасы Магистратура: Жалпы физиканың таңдамалы сұрақтары. ЖОО-да физикалық эксперимент жүргізу әдістемесі. Физикалық есептерді шешуде іргелі ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі. Жоғары және орта мектепте физикалық білімнің әдістемелік негіздері.
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТЕР - зерттеу тақырыптары, жарияланымдар саны Мектепте және педагогикалық университетте физиканы оқыту мен оқыту мәселелері бойынша жұмыс істейді. Техникалық бағытта бакалаврларды дайындаудағы физиканы оқытудың мәселелері (Р.Ж. Нәметқұлова, А. Қ. Қадірімбетовамен авторлық бірлестікте); Физикадан саралап оқу тапсырмаларын дайындау еркшеліктері// «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектепте және жоғарғы оқу орындарында математика мен физиканы оқытудың өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 25-26 қараша 2021 ж. - Алматы. Сызықты емес интегралдық теңдеулер класының шешілу мүмкіндігі туралы (Р. Ж. Наметкулова, А. Қ. Қадірімбетовамен авторлық бірлестікте) // Ғылыми мұра (Будапешт, Венгрия) Т. 3, № 68 (68) (2021). Формативті бағалау ерекшеліктері (М.Үсеновамен авторлық бірлестікте) // «Білім беру: зерттеу және тұрақты даму» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы, 22-23 қазан 2015 ж. - Астана. Деңгейлік курстар барысында бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктері (М.Үсеновамен авторлық бірлестікте) // «Білім беру инновациялары: ізденіс және шешімдер» атты ІІ-ші халықаралық конференция материалдарының жинағы, 20 қараша 2015 ж. - Астана
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|