About us | Главная /
Керімбек Жылбек Сенбекұлы
Керімбек Жылбек Сенбекұлы
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ 1974 жылы 3 қаңтарда Түркістан (бұрынғы Оңт.Қазақстан) облысында дүниеге келген. И.В.Панфилов атындағы қазақ орта мектепті (1991), Абылайхан атындағы Қазақ Мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін (1998) бітірген. Сол жылы жолдама бойынша Абылай хан атындағы ҚМХҚжӘТУ-нің Халықаралық қатынастар факультетінде оқытушы болып қызметін бастады (1998-2001). Қосымша ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында ағылшын тілінде дәріс оқыды (1999-2000). Алматы және Астана қалаларында түрлі қызметтер атқарды (2001-2013). Сүлеймен Демирел университетінде дәріс берді (2010-2013). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университентінде аға оқытушы ретінде қызмет етті (2014-2015). Шет тілдері және іскерлік карьера университетінде дәріс берді (2015-2019). Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің "Халықаралық коммуникация" кафедрасында аға оқытушы болды(2019-2020). 2020-2021 оқу жылына бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Практикалық ағылшын тілі» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет етеді.
БІЛІМ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ екі тілде дәріс оқиды: Бакалавриатта: Ағылшын тілі, Ілгермелі ағылшын тілі
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ Әдебиеттану саласындағы ғылыми мәселелер бойынша 30-ға жуық мақала жарияланды, оның ішінде БжҒМ БҒСБК журналдарының тізімінде 3 мақала жарық көрді: 1.«Жүсіп-Зылиха» образының әдебиетте бейнеленуі. ҚР ҰҒА Хабарлары, Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы, Алматы, 4(314), шілде-тамыз, 2017 ж. 132-135 беттер 2.Әлем әдебиетіндегі «қубас» діни образы. ҚР ҰҒА Хабарлары, Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы, Алматы, 4(308), шілде-тамыз, 2016 ж. 3.Кеңес үкіметі тыйым салған діни дастандар. ҚР ҰҒА Хабарлары, Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы, Алматы, 2(306), наурыз-сәуір, 2016 ж.
МАРАПАТТАРЫ Алматы қалалық әкімдігінің «Көрікті жарнама - көркем тіл» байқауының жүлдегері (Алматы,2007);
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|