About us | Главная /
Абдикаримов Малик Нығманұлы
Абдикаримов Малик Нығманұлы
Абдикаримов Малик Нығманұлы ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ
Алматы қаласында №2 И. Жансүгіров атындағы мектеп-интернатты алтын медальмен бітірген. 1968-1972 жылдар аралығында С.М. Киров атындағы КазГУ-тің химия факультетін қызыл дипломмен бітірген. 1974 жылы аспирант, 1981 жылы химия ғылымдарының кандидаты дәрежесін алған. 2007 жылы «Отқа төзімді, жылу, гидрооқшаулағыш және жоғары серпімді қасиеттері бар полимерлі композициялық материалдар» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 1980-1981 жылдар аралығында Ленин атындағы университетте «Жалпы химия» пәнінен сабақ берген. 1984-1988 жылдар аралығында Алматы сәулет-құрылыс институтында аға оқытушы болып қызмет атқарды. 1989-1995 жылдар аралығында «Қазлегпром» эксперименттік бөлімінде жетекші инженер, жетекші технолог болып жұмыс жасады. 1995-1996 жылдар аралығында әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылым хатшысы болып жұмыс жасады. 1997-1998 жылдар аралығында әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-да докторантура бөлімінде оқыды.
1999 жылы әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институтының» аға ғылыми қызметкері болып жұмыс жасады. 2000-2001 жылдар аралығында зертхана меңгерушісі болып жұмыс жасады. 2001-2002 жылдары Ұлттық Инженерлік академиясының жетекші ғылыми қызметкері болып жұмыс жасады. 2002-2003 жылдар аралығында Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ колледжінде химия пәнінен сабақ берген. 2003-2004 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Индустриалды академия және педагогика колледжінде «Химия» пәнінен сабақ берді. 2005-2006 жылдар аралығында Алматы медициналық университетінде «Аналитикалық химия» пәнінен сабақ берген. 2008-2010 жылдар аралығында «Қайнар» университетінің колледжінде «Химия» пәнінен сабақ берді. 2002-2017 жылдар аралығында Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰУ-де аға оқытушы, доцент, профессор болып қызмет атқарды. 2018-2020 жылдар аралығында Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ) "Өнеркәсіптік жылу энергетикасы" кафедрасының профессоры болып қызмет атқарған. 2021 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-де х.ғ.д., профессор болып қызмет атқарады.
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері) Бакалавриат: Геохимия, General Chemistry, Коллоидты химия.
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ Зерттеу тақырыбы: «Отқа төзімді, жылу, гидрооқшаулағыш және жоғары серпімді қасиеттері бар полимерлі композициялық материалдар». 1. Abdikarimov M.N., Turgumbayeva R.Kh., Sagintayeva S.S., Mussabekov R., Yamanbekova A.K. Polymer Compositions Based on Rolling and Liquid Carboxy-Containing Rubbers. Key Engineering Materials. (Volume 816). New Polymer Composite Materials. August 2019. - P. 345-349. https://doi.org/10.4028/www.scientific.net/KEM.816.345. Деректер базасы бойынша Процентиль SCOPUS - 20/19/19, жарияланым DOI: 10.4028/www.scientific.net/KEM.816.345 2. Abdikarimov M.N., Turgumbayeva R.Kh., Sagintayeva S.S., Mussabekov R., Jamankulova N.O., Bekalay N.K. Modified Materials Based on SKN-40 Butadien-Nitril Rubber. Key Engineering Materials. (Volume 816). New Polymer Composite Materials. August 2019. - P. 350-355. https://doi.org/10.4028/www.scientific.net/KEM.816.350. Деректер базасы бойынша Процентиль SCOPUS - 20/19/14, жарияланым DOI: 10.4028/www.scientific.net/KEM.816.350 3. Abdikarimov M.N., Turgumbayeva R.Kh., Sagintayeva S.S., Mussabekov R., Abildinova S.K. Heat fireprotection Polymer Coatings on the Basis of EPDM-40 with Additives. XV International Scientific and Practical Conference "New Polymer Composite Materials" Selected, peer reviewed papers from the XV International Scientific and Practical Conference "New Polymeric Composite Materials"(NPCM 2019), July 3-7, 2019, Nalchik, Russia. - Р. 356-361.Key Engineering Materials ISSN 1662-9795 https://doi.org/10.4028/www.scientific.net/KEM.816 Деректер базасы SCOPUS. 4. Abdikarimov M.N., Turgumbayeva R.Kh., Sagintayeva S.S., Mussabekov R., Adilbekov A.A. IR-Spectroscopic Investigations Оil-Bitumen Rocks. Key Engineering Materials. (Volume 816). New Polymer Composite Materials. August 2019. - P. 362-366. Деректер базасы бойынша Процентиль SCOPUS - 20/19/14, жарияланым https://doi.org/10.4028/www.scientific.net/KEM.816.362. 5. Abdikarimov M.N., Turgumbayeva R.Kh., Sagintayeva S.S., Mussabekov R., Adilbekov A.A., Bergenzhanova G. Study of Pyrolysis Products Oil-Bitumene Rocks. Journal of Engineering Science and Technology Review, 2020, Volume 13 (2020). Issue 1. - Р. 180-185. Деректер базасы SCOPUS. 6. Abdikarimov M.N., Turgumbayeva R.Kh., Sagintayeva S.S., Mussabekov R., Jamankulova N., Bekalay N., Adilbekov A. Investigation oil bituminous sands - raw materials for energy. Journal of Engineering Science and Technology Review, 2020, Volume 13 (2020). Issue 1. - Р. 196-199. Деректер базасы SCOPUS. 7. Abdikarimov M., Turgumbayeva R., Sagintaeva S., Bergenganova G., Rasmukhametova A., Nauryzbayeva Sh. Roofing materials based on synthetic rubbers with additives - Waste products. Key Engineering Materials Submitted: 2020-04-13 ISSN: 1662-9795, Vol. 869, pp 449-455 Accepted: 2020-05-07 doi:10.4028/www.scientific.net/KEM.869.449 Online: 2020-10-27 © 2020 Trans Tech Publications Ltd, Switzerland. Деректер базасы SCOPUS.
ККСОН бойынша мақалалар: 1. Әбдікәрімов М.Н., Тұрғумбаева Р.Х. Қазақстандағы мұнай-битумды жыныстар негізінде құрастырылған композиттер // Химиялық журнал. Алматы, 2015, №3 (51) - С. 175-180. Импакт-фактор (по КазБЦ)= 0,071 (2014 г.). 2. Тұрғумбаева Р.Х. Әбдікәрімов М.Н. Қазақстандағы мұнай-битумды жыныстарды пиролиздеудің өнімдерін зерттеу // Химиялық журнал. Алматы, 2015, №3 (51). - С. 393-398. Импакт-фактор (по КазБЦ)= 0,071 (2014 г.). 3. Тургумбаева Р.Х., Абдикаримов М.Н., Кенжебаева А. Нефтебитуминозные породы - альтернативные источники энергии // Известия НАН РК. 2016. №3. - С. 145-151. 4. Әбдікәрімов М.Н., Тұрғумбаева Р.Х., Сахиева Қ.М. Мұнайбитумды жынысты термиялық әдіспен зерттеу // «Химия және химиялық технология бойынша Xалықаралық Бірімжанов съезінің еңбектері», Алматы, 2019. 24-25 қазан. - 198-199 б.
Оқу құралдары: 1. Тургумбаева Р.Х., Абдикаримов М.Н. «Современные нефтехимические технологии». Оқу құралы. Алматы, Баспа «Ұлагат» Абай атындағы ҚазҰПУ, 2017 г. - 248 бет. Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының Ғылыми кеңесіне ұсынылды. Таралымы 100 дана. 2. Тұрғумбаева Р.Х., Әбдікәрімов М.Н. «Бейорганикалық қосылыстардың химиялық технологиясы». Оқу құралы. Алматы, ЖС «Тантеев» баспасы, 2018 ж. - 364 б. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институты кеңесінде (№ 3 хаттама, 22 қазан, 2018 жыл) ұсынылған. Таралымы 500 дана.
МАРАПАТТАРЫ 1. "ЖОО үздік оқытушысы". ҚР БҒМ мемлекеттік гранты мен медалінің иегері 2009 ж. 2. "Ресейдің көрнекті ғалымы"атағының иегері. 2011-2012 ж. 3. "Болашақ" президенттік стипендиясының иегері - АҚШ-та бір жылдық ғылыми тағылымдама, ИСМ, Бостон. 2012-2013 ж. 4. Алматы қаласының әкімі А.Есімовтың марапаттауымен «Алғыс хат» № 21 26-27 қараша 2014 ж. IV Инновациялық конвент "Мини-Экспо Almaty 2014". 5. Диплом "Еуропаның құрметті ғалымы", Германия, Ганновер, 03.12. 2014 ж. 6. Диплом-Лейбниц медалі, Hannover, Германия, 03.12. 2014 ж. 7. Альфред Нобель атындағы Медаль, Мәскеу, 8 тамыз 2014 ж. 8. ҚР БҒМ "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ-ның 2016 жылғы 5 қыркүйектегі алғыс хаты. 9. 2016 жылғы Мәскеу Халықаралық білім салонының қатысушысы дипломы және 13 жылғы 16-2016 сәуірдегі салонның" Алтын " медалі.
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|