About us | Главная /
Байсейтов Дәурен Алмасұлы
Байсейтов Дәурен Алмасұлы
ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ 1-11-сыныпқа дейін Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы №45 Ақ Орда мектеп- гимназиясын өте жақсы бағамен бітіріп, 2008 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім грантымен «050720- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы » мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің химия факультетіне оқуға түстім. 2012 жылы аталған университеттің «Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша магистратураға түстім. 2014 жылдың 11.01-23.01. аралығында Стамбул қаласындағы Стамбул техникалық университетінің химия және металлургия факультетінде екі апталық тағылымдамадан өттім. 2014 жылдың 1 қыркүйегінде «Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия және химиялық технология факультетіне PhD докторантураға түсіп, 2018 жылы докторлық диссертацияны жоғары деңгейде қорғап шықтым. Докторантурада оқыған жылдары ғылыми тағылымдаманы Суррей университетінде (Ұлыбритания) және Химиялық кинетика және жану Институтында (Ресей) өттім. 2018-2019 жылдары Алматы қаласындағы Алматы байланыс колледжінде химия пәнінің оқытушысы қызметін атқарды. 2018 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың 1 қазанына дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің география және табиғатты пайдалану факультетінде доцент м.а. қызметін атқарды. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-нің химия кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарады.
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ Бакалавриат: «Органикалық синтез»; «Коллоидты химия», «Бейорганикалық химия».
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ Отандық және шетелдік басылымдарда 100-ден астам ғылыми мақалалар жарияланған, 1 патент ҚР, 2 әдістемелік нұсаулық, оның ішінде 25 мақала импакт-факторы бар журналдарда жарияланған, Scopus базасы бойынша h=10. Негізгі жарияланымдары: 1. Marat Tulepov, Larissa Sassykova, Almagul Kerimkulova, Gulmira Tureshova, Fedosya Abdrakova, Anar Zhapekova, Zukhra Sultanova, Galiya Spanova, Dana Tolep, Sholpan Gabdrashova, Dauren Baiseitov. Preparation of Briquettes on the Basis of Sub-Standard Coal of Kazakhstan Fields // Chemistry and Chemical Technology. Vol. 16, №1 (2022) - Р. 118-125. 2. Marat Tulepov, Larissa Sassykova1, Almagul Kerimkulova, Gulmira Tureshova, Anar Zhapekova, Zukhra Sultanova, Sabit Tursynbek, Sholpan Gabdrashova, Dauren Baiseitov. Preparation of coal briquettes based on non-standard Kazakhstan coal with various additives and determination of their quality // Journal of Chemical Technology and Metallurgy. Vol. 56, №1 (2021) - Р. 123-132. 3. Sh.E. Gabdrashova, M.I.Tulepov, M.A.Korchagin, L.R.Sassykova, F.Yu.Abdrakova, Zh.B.Bexultan, Y.K.Aitenov, S.E.Toktagul, D.A.Baiseitov. Development of pyrotechnic delay mixtures based on a composite material hardened with carbon nanotubes // Digest Journal of Nanomaterials and Biostructures. Vol. 16, №4 (2021) - Р. 1341-1350. 4. Өнертабысқа Патент. Силос жемін дайындау және сақтау әдісі. қорғау құжат №35668.
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ 1. «Экология» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған оқу практикасы бойынша әдістемелік нұсқаулық / А.Е.Оразбаев, Т.А.Базарбаева, Г.А.Мұқанова, Д.А.Байсейітов, Г.Б.Танабекова. - Алматы: «Қазақ университеті», 2021. - 81 бет. 2. Электр қондырғыларындағы персоналдың электр қауіпсіздігі: практикалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық / Хазимов М.Ж., Байсейтов Д.А., Сатарбаева А.С. Алматы: «Қазақ университеті», 2021. - 81 бет.
МАРАПАТЫ әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 2020 жылғы үздік жас ғалымы сыйақысының иегері.
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|